|    |  
23 қаңтар 2020
21:51
қаз
Өзгеріс керек: жұмысты ауыстыратын уақыттың жеткенін қалай анықтауға болады?
22 сәуір 2018, 10:47 62
"Жемісін жинайтын уақыт» деген даналы сөз бар. Алайда көп жағдайда қызмет орнын ауыстыратын жағдайлар да орын алып жатады. Көпшілігіміз жағдайдың шиеленіскеніне дейін бұған аса мән бермей келуіміз мүмкін.


 
Табысты жұмыс тұрақтылық пен жақсылықтың бір нышаны секілді. Сен өзгерісті қаламайсың, және де айналаңдағы болып жатқан құбылыстарға мән бергің келмейді, оны көп жағдайда көрмейсің де. Жаңа қызметкерлер келіп, бұрыңғылары кетіп жатады, жұмыс жағдайы да өзгереді, басшылықтың тапсырмалары көбейген үстіне көбейе түседі, ал жалақы үш жылдық көлемінде өзгеріссіз қалып қояды немесе бағаланбайды. Сіз жұмысты өзгерту туралы ойыңызды жүрек түбіне құлыптап тастайсыз, өйткені кәсіби біліктілігіңізді жоғалтып алудан, керексіз болудан қорқасыз.
 
Психологтардың айтуынша, мұндай кездері қазіргі жұмысыңыздың барлық олқылықтарын есепке ала отырып, жаңа, қанағаттандыратын, көңіліңіздің қалауына жауап беретін жаңа жұмыс тауып алғаныңыз дұрыс.

Алдымен, ескі жұмысыңыздан кету үшін, дайындық жұмыстары керек. Және де бұл дайындықты соңғы нүкте қойылған кезде емес, дене белсенділігіңіз жоғары кезде, әрі қарайғы дүниелеріңізді ақылға салып ойлану мүмкіншілігі бар кезде бастау керек. Енді жұмысты өзгерту қажет болған дабылды кезеңдерді саралап көрелік.
 
Жеке өмірге уақыттың жоқтығы
Сіз кәсіби біліктілікке ие болдыңыз, жағдайыңызды жақсарттыңыз, жақсы қызметтесіз делік. Былай қарасаңыз, бәрі орындалған секілді. Алайда жұмыс қарқыны өзге шараларға уақыт таппай қынжылтуда. Ең бастысы, тапқан ақшаңыздың өзін жоюға да уақыт таппайсыз. Тағы бір оқиға желісі: сіз өзіңізді ешқашан басшылық қызметте көрмедіңіз және болғыңыз да келмеді. Алайда жағдай өзгеріп, сіз басшылық қызметке тағайындалдыңыз. Енді сіз өзіңізді тек қана жұмысқа арнаудасыз, жауапкершілікті сезініп жүрсіз, үйде де демалуға мұршаңыз жоқ. Сізге бұл орын жайсыз болса да, мұндай деңгей мен жақсы жалақыдан айырылып қалғыңыз келмейді. Мұндайда әден ойланыңыз. Мұндай өмірді дәл осы қарқында сіз жалғастыра бергіңіз келе ме?
 
Мансаптың өспей, бір орында тұралап қалуы 
Қызмет те, жұмыс та сіздің көңіліңізден шығатын кез болады. Бастығыңыз риза, жалақы жақсы, кәсіби міндеттеріңіз де қызықты. Бірақ жылдар өтіп жатыр, сіздің әріптестеріңіз басшылық қызметтерге тағайындалып жатыр, ал сізде ешқандай өзгеріс көрінбейді. Сіз бұдан жоғары қызметке тағайындалуға үмітті болдыңыз, ал басшылық сізді негізгі үміткерлердің бірі ретінде ғана қарап, күтпеген жерден сіздің орныңызға басқа әріптесіңіз тағайындалды.

Мұндай кезде қабілетті қызметкерлерді дұрыс бағалай білетін жаңа жұмыс іздестіру нақты себеп. Сондай-ақ кәсіби мамандар мансаптық қызметке ие болу үшін бірнеше жылда кәсіби өзгерістерге дайын болу керектігін де ескертеді.
 
Сізбен ешкімнің санаспауы, ал тартымды әрі қызықты жобаларды өзгелердің істеуі
Басшылық қызметтерге қызықпайсыз, өз жұмысыңызды сапалы орындайсыз және өз қызметіңіз өзіңізге ұнайды. Бірақ сізге жайлы көрінетін қызықты шығармашылық міндеттерді өзгелер орындап жатады.Сізге тек негізгі жұмыстар ғана беріледі. 

Немесе одан да күрделі жағдай: сіз беделге ие топтың құрамындасыз, ол топ көптеген келісімдер мен маңызды мәмілелерді жасауда. Алайда уақыт өте келе, бұл маңызды шаралар сізіз ұйымдастырыла бастайды, сіздің пікіріңіз есепке алынбай қалады.
Мұндай кезде өз уақытыңыз мен талдауыңызды жағдайдың неге бұлай болғанын ойлап жоғалтпағаныңыз абзал. Бұл жұмыстың ауысуы қажет деген белгі деп қабылдағаныңыз дұрыс.
 
Жалақының төмендігі
Сізге ұнаған тауарды сатып алып, жақсы демалыс өткізіп, өзіңізді жайлы сезінуде жалақыңыз жеткілікті ме, соны жақсылап ойланыңыз. Әрине, кейде күніне бірер сағат уақыт алатын жұмыстардың жалақысы төмен болатыны белгілі. Егер жұмыс барлық уақытыңызды алса, оның ақысы да жақсы болуы тиіс.

Бұған қарама-қарсы жағдай: сізді қызметтік міндеттерден гөрі жалақының мөшері қызықтыруы ықтимал. Мұндай кезеңде ерте ме, кеш пе жалақы сізді қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл жұмыс ауыстырудың нақты белгісі болып есептеледі.  
 
Жұмыстың ауысуына әсер ететін жеке жағдайлар
Егер сіз жұмыс өтілі өзгерісті қалайтынын сезінсеңіз, жаңа жұмыс орнында нені қалайтындығыңыз туралы негізгі межелерді көрсетіңіз. Бәлкім бұл жақсы қызмет, жоғары мөлшерлі жалақы, жаңа достар болар. Өзіңіздің қалауыңызға қарай жұмыс қарастырыңыз. Өз уәжіңізге ашық, сенімді, адал болыңыз.
 
Эмоциясыз ойлар
Жұмысты ауыстырмас бұрын бұл негізгі мақсат екендігіне көз жеткізіңіз. Өзгерістің қажет екенін сезінгіңіз келіп, достарды да, жұмысты да, өмір сүру стилін де ауыстырғыңыз келетін кездер болады. Егер мұны ойланбастан істесеңіз, өмірден өзіңізді жоғалтып алуыңыз да мүмкін. Сондықтан әлдекімдермен түсінбестік орын алғаннан, болмаса көңіл күй салдарынан жұмысты ауыстыруға талпынбау керек. Мұндай шешім әбден шешілген, жетілген әрі қалыпты күйде қабылданған болуы тиіс.
 
Ескі жалықтыратын істі тастамай, жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктердің белесі көрінбесі анық екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, жұмысты ауыстыру қажет екендігі туралы нақты шешімге келсеңіз, сенімді түрде кірісіңіз және сізде бәрі де ойдағыдай болуы тиіс!

Дереккөз: http://www.menslife.com


Жаңалықтар