|    |  
20 қыркүйек 2019
14:56
қаз
Өзі босанған келіншек баласын пакетке салып, көшеге тастап кеткен
05 қыркүйек 2019, 10:53 159
Татарстанның Черемшан ауылында жаға ұстатарлық жағдай болды. Келіншек өзі босанып, баласын пакетке салып, құрылыс дүкенінің алдына тастап кеткен.


 
36 жастағы келіншіктің өзі сол дүкенде сатушы болып істеген. Ол көшеде жүргенде суы кетіп, қамыс арасына барған. Сол жерде ешкімнің көмегінсіз босанған. Өзінің медициналық білімі болған. Сондықтан кіндікті қалай кесетінін білген.

Баланы дүкеннің директоры тауып алған. Ұл баланың салмағы 3400 гр, бойы 52см. Қазір бала мен анасы да ауруханада жатыр. Анасымен психологтар жұмыс істеуде. Келіншектің 5 сыныпта оқитын қызы мен 8 жастағы ұлы бар. Ерлі-зайыптылар үшінші баланы жоспарламаған. Қазір баланың әкесі баласын ауруханадан алып кету үшін құжаттарын дайындауда.
 
Дереккөз: Life


Жаңалықтар