22 Август
11:32
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Кербез
2 қыркүйек 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өзіңді тәртіпке келтірудің 5 тиімді әдісі

Үлкен жетістіктер тәртіп пен күш жігерді талап етеді. Оларсыз біздің әр талпынысымыз эмоциялар, жағдайлар мен өзге адамдардың ықпалына ұрынады. Бұл жағдайдан жалықтыңыз ба? Ұсынып отырған кеңестеріміз өз-өзіңізді басқаруға көмектеседі.

Жалғыз мотивациямен алысқа бара алмайтының түсінікті. Бірдеңені бастауға деген құлшыныстан өзге, осы бастаманы алып кету үшін тәртіп керек. Төменде өзіңді 21 күннің ішінде тәртіпке келтірудің қарапайым, әрі тиімді әдістері ұсынылған.

1.Өзіңізді бақылаңыз

21 күн бойы өзіңізді бақылаңыз: не істейсіз, қалай тұрасыз, қалай сөйлейсіз, неге бөгелесіз, қалай жүресіз және қалай киінесіз. Толықтай өзіңізді бақылаңыз. Ештеңені шұқыламаңыз, арқаңызды тік ұстаңыз, қолдарыңыз бен аяқтарыңызды қадағалаңыз. Босаңси бастайтын сәттеріңізді байқаңыз. Жалғыз болған күннің өзінде жинақы жүріңіз.

Үйде, жұмыста немесе жаттығу залында жүрсеңіз де әрдайым өзіңізді сенімді ұстап, позитив шашып жүруіңіз керек. Түр-әлпетіңіз де 100 пайызға күтілген болғаны дұрыс. Өз стиліңізді қалыптастырып, соны ұстаныңыз.

Өз сүйкімділігіңіз жайлы ойлаған сайын, ол еселене түседі. Күнделікті камера алдында жүрмін деп есептеңіз, сол себепті ертеңгі күні көрерменнен ұят болмас үшін әрдайым жарқырап жүруіңіз керек.

Өзіңді бақылауды үйренуге теңіз әскерінің тұрысы деген күнделікті жасалынатын жаттығу көмектеседі. Қабырғаға жақындаңыз да, өкшеңізді, құйрығыңызды, жауырыныңызды, желкеңіз бен шынтағыңызды тигізіңіз. Осындай позада күнделікті кем дегенде 10 минут тұру керек. Бірнеше күннен кейін арқаңыз түзулене бастағанын байқайсыз.

Бұл кішігірім жиынтық өзінді тәртіпке келтіруге үйретеді, осылайша сіз өз әрекеттеріңізді бақылауды үйренесіз. Есіңізде болсын, мұны сіз өзіңіз үшін жасайсыз, біреулер үшін емес.

2.Таңертеңгілік салт жора ойлап табыңыз

Біздің өнімділігіміз бен жинақылығымыз таңертең қалай тұрғанымызға байланысты. Сағат сегізде оятқыштың дыбысынан кейін әрең тұрып, күн соңында тезірек төсекке оралуды ойлап тұруға болады. Дәл үйден шығар алдында тұрып, апыл-ғұпыл жиналып, бутербродты сөмкеге тыға салып, айналада және басыңда не болып жатқанын түсінбей далаға атып шығуға болады. Бірақ ең дұрысы өзіңді оянуға алдын ала дайындау, өз биоритміңді сезіп, жаңа күннің демін сезіну. Сізді жаңа күнге бейімдейтін таңертеңгілік салт жораңыз болсын.

Міне қарапайым нұсқа: оятқыштың бірінші дыбысынан ояну, аздаған физикалық жаттығу, ыстық-салқын душ, пайдалы таңғы ас, оқу. Мұның бәрін сіз шамамен бір сағатта жасайсыз. Осыны әдетке айналдыру үшін сізге 21 күн жеткілікті.

Қандай салт жора ойлап табатыныңыз маңызды емес. Ең бастысы, сіз одан демалыс және мейрам күндері де бас тартпауыңыз керек.

Уақытыңызды тиімдірек жұмсап, жинақы, тәртіпті бола бастағаныңызды өзіңіз байқамай қаласыз. Уақыт өте келе таңғы жұмыстарды автоматты түрде жасайсыз, олар өміріңіздің бір бөлігіне айналады.

Және де ұйқы жайлы ұмытпаңыз. Ұйқыңыз қану үшін 7-8 сағат ұйықтау керек.

3.Тақуа болыңыз

Ең алдымен 21 күнің ішінде неден арылатыныңызды нақтылап алу керек. Мысалы сүйікті тағамыңызды тым құрығанда бір апта жемеңіз, ең дұрысы үш апта бойы. Жақсы жаттығу — тәттіні көрінетін жерге қойып, күні бойы оған қол тигізбеу.

Сонымен қатар, фильмдер, әлеуметтік желілер, темекі, әңгімелер мен ойындарды (т.б) да тоқтатуға болады. Ең бастысы — өзіңе жоқ деп айтуды үйрену.

Адам өз-өзін басқаруын үйренуі керек, кері жағдайда оны қоршаған жағдайлар басқаратын болады. Эмоцияларға берілмей, алға қойған мақсаттан таймау керек.

Бірақ ең қиын сынақ — үш апта әлеуметтен оқшаулану: адамдармен жұмыс бабымен ғана сөйлесу немесе отбасылық ортада ғана жүру. Қонаққа, киноға, шараларға, дүкендерге бармау. Үш апта бойы өзіңізбен өзіңіз болыңыз, мұның өнімділігіңізге қалай әсер ететінін байқайсыз.

4.Алдыңызға қиын тапсырмалар қойыңыз

Бір аптада өте қиын деген тапсырманы алыңыз да, соны қалай да орындауға тырысыңыз. Ауа райы, түрлі жағдайлар, көңіл күй, ештеңе маңызды емес. Күніне 50 рет кеудені жерден көтеріп жаттығу жасайсыз ба? 80, 90 - ға өтіңіз немесе тіпті 100 - ге  — шектеу жоқ. Екі күнде бір мақала жазасыз ба? Екеу жазыңыз. Көп ақша жаратасыз ба? Бірнеше күн бойы мүлде ақша құртпаңыз. Қолыңыздан келе ме?

Егер күшіңізді есепке алмай, тапсырма таңдаған болсаңыз, онда соғыстағы бұйрықтай қабылдаңыз. Сіз оны міндетті түрде орындауыңыз керек, басқа жол жоқ. Бір күнде үлгермейсіз бе? Қажеттінің барлығын істеп бітпейінше, басқа істерді қоя тұрыңыз.

Бұл тапсырма өте қиын, себебі өзіңді сатып кетуге болмайды. Осыны жасап болған соң, күш қуатыңыз артып, көп нәрсені істей алатыныңызды біліп бойыңызды мақтаныш билейді. Себебі барлық шектеулер тек өзіңіздің қиялыңыз екенін аңғарасыз.

5.Нәтижеге ден қойыңыз

Бұл жаттығу алдыңғы жаттығуға ұқсас, бірақ мұнда сіз мақсат таңдап, жоспар құрасыз және ойлағаныңызды іске асыруға қанша уақыт пен ресурс керек екенін есептейсіз.

21 күннің ішінде бірдеңеге қол жеткізіп көріңіз: темекіні тастаңыз, кітаптың бір тарауын жазыңыз, 3 келі салмақ тастаңыз, үлкен жобаны аяқтаңыз... Сол кезде адамдар, жағдайлар, көңіл күй, ойын-сауық, интернет және тағы басқалар мерзімге сай аяқтауға қаншалықты кедергі келтіретінін байқайсыз. Бірақ көңіліңіз түспесін.

Бар назарыңыз алға қойған мақсатыңызда болсын, жолдың соңында соған жеткеніңізді елестетіңіз және сізді алаңдататын факторлар жайлы ойламаңыз.

Смартфон мен компьютеріңіздегі ескертулерге нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек екенін жазып, жиі іске қосыңыз.

Қолда бар мүмкіндіктерге ғана сүйеніп әрекет етуге болмайды: олай етсеңіз, сіз де айналадағы мыңдаған адамдар сияқты жетістікке ұмтылуды бастамайсыз және өзіңізге деген сенім де пайда болмайды. Болашаққа қараңыз және оны өзіңізге тартыңыз.

Әдетті қалыптастыру уақыт пен жігерді талап ететінін естен шығармаңыз, есесіне кейін олар сізді кез келген қиындыққа қарамастан армандарыңызға жетелейтін болады.

bilim-all.kz
 
нравится:    3507
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии