|    |  
21 ақпан 2020
00:54
қаз
​Өзіңізді бағалай білуге арналған 7 кеңес
18 қазан 2018, 10:03 113

Атағы әлемге танылған Анджелина Джоли немесе Кейт Мосс болсын, кей кездері айнаға қарап, күйзеліске түсетіні анық. Анда –санда көңілді түсіріп алу қалыпты жағдай, қалыпты емесі – төрт қабырғаға қамалып, өмір сыйға тартқан қымбат минуттарыңды жаман көңіл-күйге бағынышты етіп қою. Бұл 7 кеңес сізге бос нәрсеге ренжімей, барлық жағынан да жақсы нәрсені табуға көмектеседі.

1. Есте сақтаңыз: бәрі де өтеді, кетеді
Айнаға қарағанда көңіл-күйіңіз жабырқаса, мұны мантра секілді қайталаңыз. Егер қандай да бір күні сіз айнаға қарап, шашыңыздың түсе бастағанын, болмаса толып кеткеніңізді не арықтағаныңызды байқасаңыз, бұның да өткінші екенін өзіңізге білдіріңіз. Еш нәрсе де мәңгілік емес, әсіресе таразы көрсеткен 500 грамм түк те емес. Бәлкім бүгін сіз күнделікті суды тұтыну нормасын қадағалаған боларсыз, ал шашыңыз  далада ылғалдықылық жоғары болғаннан кейін ретке келмей қалған болар. Әр нәрсе күнде өзгеріп тұрған кезде, бір күні айнаға қарап, кемшілікті байқап, күйзеліске түсу орынсыз.

2. Сіз толықтай идеал тұлға емессіз, мұны түйсігіңіз арқылы қабылдаңыз
Идеалды тұлға болу  — іш пыстырады, мұны біліңіз. Танымал Синди Кроуфорд өзінің меңі үшін барлық модельді агенттіктерді аралап, аяғын тоздырғаны белгілі (ақыр аяғында ол меңі оның нағыз әдемілігінің бір бөлігіне айналды). Көптеген модельдер де бастапқы кезде сырт келбетінің белгілі бір ақауы үшін қиналды, кейін бұл оларды өзгелерден ерекшелейтін дүние болып шыға келді. Мұндай өзгеше дүниелер адамның назарын тартып, адамдарды қызықты ете түседі.


3. Өзгелер де идеал емес
Кемшілік туралы тағы бір жақсы жаңалық  — олар бәрінде де бар. Иә, бұған сену мүмкін емес, алайда масс-медиа саласында күнделікті біз көретін жылтыр бет, идеалды, кемшіліксіз сұлбаға ие адамдар шынайы өмірде ондай болмай жатады. Бізде де секілді бұл адамдарда да нашар күндер болады: бетіне безеу шығады немесе шашы дұрыс жиналмай жатады. Гример мен стилистердің көмегінсіз олар да тура біз секілді көрінеді. Дженнифер Лоуренс бір кездері фотошопсыз ешқашан да Dior  жарнамасындағыдай көріне алмайтындығын мойындаған болатын.

4. Түріміздің қандай екені маңызды емес, қалай жеткізе білеміз, сол маңыздырақ.
Мұны сіз бірнеше рет естідіңіз, сенімділік кез келген биікті бағындыруға көмектеседі. Егер сіз өзіңізді бақытты әрі өзіне сенімді адам ретінде көрсете алмасаңыз, сіздің жақсы қырларыңызды ешкім де байқай қоймайтыны анық. Олар бар болғаны өзінің түр-әлпетіне  және сыртқы келбетіне сенімді қызды ғана көре алады.

5. Сіздің көңіліңізді көтеретін нәрсені тұтыныңыз
Бұл екі биік өкше туфли немесе тюрбан, көлемді алқа, әжелер сөмкесі немесе әдемі ілмек болуы мүмкін. Бәріміздің де жақсы көретін заттарымыз бар, бұл көңіл-күйді көтереді. Егер сіздің мазаңыз болмай тұрса, оларды сөреден алатын, тағатын кез келді. Ал енді біреулерді қанық түсті ерін далабы мен жаңа шаш үлгісі қуантады. Мойындайық, қыздар үшін кейде бақытқа жету жолында болмашы нәрсе де жетіп жатыр!

6. Кеңістікке құқықтың болуы
Әйелдер туралы нағыз тітіркендіретін стереотиптердің бірі олар нәзік әрі кішкентай, арық болуы тиіс деген пікір. Дәл осы ойдың жетегінде жүріп, көпшілік әйелдер өздерін жайсыз сезінетіні анық. Өзіңізді жайсыз сезінген уақыттарда үнемі: «өзіме қажетті кеңістікті иеленуге құқығым бар» деп айтыңыз.

7. Жайбырақаттанып, ләззатқа бөленіңіз
Және де ең бастысы — өзіңізге тым байыпты қарамаңыз. Ең әдемі әйелдер, өздеріне юмормен қарай алады, оны білесіз бе? Сіз өзінің сыртқы келбетінің томпақтығына қарап, жылап отырған Дженнифер Лопесты елестете аласыз ба? Егер артық салмақ жинап алсаңыз, иә, ондай болады. Жаңа шаш үлгісімен сізді тіпті ата анаңыз да танымай қалды ма? Шығармашыл болыңыз, креативті шаш үлгісін жасап алыңыз, сол кезде бәрінің де назары ауады. Болмашы ғана кемшілікке күле қарап, жібере салыңыз. Юмордың күші сізді белгілі бір қиындықты жеңуге көмектеседі.

Дереккөзі: ​zhenskoeschastie.com


Жаңалықтар