|    |  
17 желтоқсан 2018
12:21
қаз
Өзіңіздің кармалық міндеттеріңізді туылған күніңізге байланысты қалай есептеу қажет
10 тамыз, 11:19 1732
Әр адам пешенесіне жазылғанды көреді. Бұл кармалық міндеттер болып есептелетіні белгілі. Өмірден өз жолымызды өзіміз таңдаймыз, дегенмен дәл осы жолдың кармалық тұрғыда бізге қаншалықты сәйкес келетіндігін білуге әбден болады.



Карманы (санкскритше іс-әрекет) әрдайым тазалап тұруға болады, ал кармалық міндеттер туылған күннен маңдайға жазылып қояды. Егер сіз өзіңіздің кармалық міндеттеріңізді білсеңіз, өз өміріңізді жандандырып, сапасын арттыра аласыз.

Кармалық міндет дегеніміз не?

Кармалық міндеттер терминін «кармалық ережелер» деген тіркеспен алмастыруға болады. Бұл өмірдің бұралаң жолында сізді қандай жетістіктер күтіп тұрғандығын білуге мүмкіндік береді. Біз әр түрліміз, біреуден өзгені ажырататын «туа біткен таңбаларымыз» да жоқ емес, бұл биоөріс белгілі бір деңгейде әлсіздікті не мықтылықты байқатады.

Кармалық міндеттер арқылы сіз өмірдегі қадамыңыздың қандай кезде жақсырақ, әрі табысты, сәтті болатындығын бағамдай аласыз. Мұны есептеуге сіздің туылған күніңіз көмектеседі, бұл нумерология ғылымында адам мен әлемді байланыстыратын бірден-бір маңызды сала екенін ұмытпаған дұрыс.



Кармалық міндеттерді есептеу

Бұл есептеу бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен сіздің жеке кармалық саныңызды есептеу керек. Бұл үшін өз туылған күніңізді алып, әр санды жеке-жеке бір-біріне қосыңыз. Мәселен, сіз 1990 жылдың 18 ақпанында дүниеге келдіңіз делік. 1 мен 8 қосындысы —9. Ескеретін бір дүние бар: егер сіздің туылған күніңіз 19, 28 және 29 сандарына сәйкес келсе, сіздің кармалық
міндеттеріңіз сәйкесінше мынадай сандарға тиесілі, олар бір (1+0), бір (1+0) және екі (1+1), өйткені 9 санынан жоғары санды қосқанда сандарды басынан бастап қайта қосу қажет.

Осылайша сіз өзіңіздің жеке саныңызды есептеп шығардыңыз. Ендігі кезекте ол сандардың нені білдіретіндігін білген де маңызды.

Бір

Егер туған күніңіздің нөмірлерін қосу кезінде 1 шықса, онда сіз спортта, бизнесте, мансапта жақсы жетістіктерге жетіп, биіктен көрінесіз. Өзіңіз үшін өмір сүруіңіз керек, бірақ әрдайым сізге көмектесетіндерге алғысыңызды аямаңыз. Әлем сіздің өзіңізге сенімділікті, жүрегіңіз бен көзіңіздегі отты көргісі келеді. Егер сіздің нөміріңіз 1 болса, сіз кез-келген қиындықты шешуге
көмектесетін жалғыз адам өзіңіз екенін естен шығармағаныңыз абзал. Жеңіліс тапқан жағдайда кемшілікті тек қана өзіңізден іздеңіз.

Екі

2 кармалық саны сіздің өміріңіздің махаббатқа толы екендігінен хабардар береді. Достарыңыздың мейлінше көп болғаны жақсы. Туыстарға сенімділікпен қарап, таныс емес адамдарға мінез көрсетпеңіз. Егер адамның мінез-құлқын зерттеп алсаңыз, дипломатия шебері болып қалуыңыз да ғажап емес. Сіздің өмірдегі басты кармалық міндетіңіз - адамдарға көмектесу.

Үш

Сізге әлем ең маңызды міндет - өмірдің мәнін табуды беріп отыр. Рухани және материалдық әлем бір-бірінің орнын алмастырып емес, толықтырғанын бақылаңыз. Көмектің сырттан келуін әрдайым күтпеңіз, кез-келген кедергілерді жеңуге тырысыңыз. Қиындықтардан құтылуды сіз бақытты қыла алатын отбасыдан іздеңіз.

Төрт

Сіз үшін материалдық құндылықтар энергетика тұрғысынан ең маңызды болып табылады, бірақ оны болмашы нәрсе ретінде қабылдамаңыз. Қаржылық табыс пен еңбектегі табыс рухани тұрғыда көрініс табуы мүмкін. Сіздің кармалық міндетіңіз - дәл ғылымдарды зерттеу және сандармен жұмыс істеу. Егер сіз осы жолды ұстанатын болсаңыз, онда ғалам сіздің ағарту жолында жетістікке жетуіңізге көмектеседі. Төрт санына тиесілі адамдардың кармалық міндеті - білім алу.

Бес

Номерологиядағы бес саны «нақ ортасы» дегенді білдіреді, алайда кармалық міндеттерге келгенде бұл олай емес. Өз жаныңыздағы, жүрегіңіздегі тәртіпті сақтаңыз. Сіздің көзқарасыңызда әрқашан жаһандық өзгерістерден аулақ болыңыз, өйткені сіздің жолыңыз бір нәрсемен байланысты болуы керек. Егер сіз өзіңіздің бүкіл өміріңіз дұрыс емес екенін сезсеңіз, сандалып
жүріп алмай, жолды баяу ауыстырыңыз.



Алты

Егер туған күніңіздің қосынды саны алтыны құраса, сіздің өмірлік кармалық міндетіңіз - әлемді тану екені айқын. Бір орында тұралап қалу сіз үшін қауіпті, сондықтан ізденіңіз, алға жылжыңыз. Жұмысты, хоббиді, әлемге деген көзқарасты өзгертіңіз, бірақ ешкімге және ештеңеге өзіңізді өзгертуге жол бермеңіз. Сіздің ең мықты тұсыңыз - өз интуицияңыз, ол сізді еш алдамай, үнемі кез
 келген туындаған мәселелерден құтқарып алып шығады.

Жеті

Сіздің өміріңізде «іші бос нәрсенің даусы қатты шығады» деген ұстанымға алатын сөзіңіз бар. Қарсыластың картасын ұратын ештеңе болмаса, өзіңізді кінәламаңыз. Өзіңіздің біліміңізді кеңейтіңіз. Өзге халықтардың мәдениетін танып, қосымша білім алып, бір жерде тоқтап қалмаңыз, дамыңыз - сіздің қабілеттеріңіз керемет. Ең қиын жағдайларда да шыдас беріп, артық сөз айтпауға тырысыңыз.

Сегіз

Адамдармен қарым-қатынас жасауда және оларға сенім артуда абай болыңыз. Сіздің кармалық міндетіңіз - барлық жағдайларға сақтықпен қарау. Бұл өзіңізді бункерде құлыптап, ешқашан ешқайда бармау керек керек дегенді білдірмейді. Шынайы махаббат сізді үйретеді, сондықтан екінші жартыңызды күтіңіз, өмірде жолыңыз болмай жатса, мұңаймаңыз. Сіз өзіңізді дәл осы күйіңізде қабылдағаныңыз жөн.

Тоғыз

Егер сізде ашулануға немесе қуануға себеп болса, оны өзіңізде ұстап қалмаңыз. Эмоцияларды басшылыққа алыңыз. Олар сізді мақсатқа жетелейді. Мүмкін сіз үшін ең жақсы нәрсе - өнер болуы мүмкін. Тәжірибеден қорықпаңыз және өзіңізді кез-келген салада сынап көріңіз. Нумерология сіздің осы үшін дүниеге келгеніңізді айтады.

Сіздің туылған күніңіз толығымен алғанда неден хабар береді

Әрі қарай сіз туылған күн, ай, жылға да баса назар аударғаныңыз жөн. Дәл осы даталарға байланысты көптеген мағыналарды ашуға болады. Жылды есептегенде соңғы екі цифрды ғана алыңыз.

- Егер сіздің туылған күніңіз мәселен 17.02.91 болса, санның көп екендігі көрініп тұр. Бұл жерде 1, 2, 0, 9, тіпті 7 сандары да бар. Бұл ретте өмірде сізге көптеген адам көмектеседі дегенді білдіреді. Сіз болашақпен өмір сүруіңіз керек. Жоспар құрудан еш қорықпаңыз.

- Егер бір немесе екі жиі қайталанса, мәселен 12.01.91, сіздің белгілі бір кезеңде сәттілікті жолықтыруыңыз мүмкін. Өткеннің қателігін еске ала бермей, жұмысты ұзақ уақытқа жоспарламаңыз. Сіздің интуицияңыз өте жоғары.

- Мына секілді ерекше даталар , мәселен 01.01.96 немесе 02.12.02 — нақты кармалық міндеттері жоқ екендігін көрсетеді. Сізде жұмбақ қосымша өмірлік мақсатыңыз бар, оны тек өзіңіз ғана анықтай аласыз.



Кімде-кім бұл өмірге не үшін келгенін білмейтін шығар, алайда кармалық міндеттер арқылы қандай мақсатта өмір сүру керектігін бағамдауға әбден болады. Әр адамның өзгеше, жақсы, осал тұстары бар, ол сонысымен ерекшеленеді. Өз өміріңізді бағалаңыз және де кармалық міндеттер сізді үрейлендірмей, керісінше, сіздің қалыптасуыңызға, жақсы өмір сүруіңізге көмектессін!

Дереккөз: dailyhoro.ru


Жаңалықтар