|    |  
17 ақпан 2019
14:39
қаз
ПАХЛАВАНЫ ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕЙДІ?
18 қаңтар 2019, 15:15 246

 
Ингредиенттер:
 
Ұн – 500г
Ашытқы – 1/2шәй қасық
Жұмыртқа – 1дана
Сүт – 1ас қасық*
Тұз – 0,5 шәй қасык
Жаңғақ – 300г
Қант – 200г
Май – 100г
Бал – 1ас қасық
Дайындалуы:
 
Ұн , ашытқы, сүт, жұмыртқа және тұз барлығын қосып, жақсылап қамыр илейміз. Қамырымызды 4 бөлікке бөлеміз.Әр қамырымызды жұқалатып жаямызда бетіне сары май жағамыз.

Қамырымызды ораймыз да дөңгелектеп тоңазтқышқа 3 сағатқа салып қоямыз.Ішіндегі салмасына керекті жаңғағымызды блендрге салып майдалап аламыз.Енді дайын қамырларымызды жаямыз.

Пісіруге арналған ыдысымызды алып қамырымызды саламыз да бетіне майдаланған жаңғақтан саламыз.

Дәл осылай қалған қамырымызды жайып жаңғақ салып, үшбұрыштап кесіп әр бөлікктің үстіне жаңғақ қойып пешке салып пісіруге саламыз 15 минуттан соң пешті ашып пахлаваның бетіне ерітілген сары майдан құйып, қайта салып пісіреміз.

Балға аз мөлшерде су құйып, баяу отта қайнатып дайын пахлава бетіне құямыз да сіңгенше сәл уақытқа қойып қоямыз.
 
Астарыңыз дәмді болсын!
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар