Әлем жаңалықтары
10 қараша 10:30
​Пакьяоның сыңар қолғабы 4350 долларға өтті

Атақты боксшы Мэнни Пакьяо кезінде шаршы алаңға киіп шыққан қолғаптың сыңары аукционда 4350 долларға өтті.  Дубайда өткізілген бокс кешінде ұйымдастырылған аукционда Пакьяоның қолы қойылған сыңар қолғап сатылды. Оны сатудан түскен қаражат толығымен қайырымдылық қорына аударылатын болды, деп хабарлайды The National. Естеріңізге сала кетсек, Мэнни Пакьяо мансабындағы соңғы шайқасты келер жылы британиялық боксшы Амир Ханмен өткізеді.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика