20 Август
21:19
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
22 шілде 10:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Пәкістан «отбасын ұятқа қалдырған қыздарды сотсыз өлтіру» жазасына тыйым салмақ

 
Пәкістан парламенті бірнеше апта ішінде «абырой үшін өлтіруге» тыйым салатын жаңа заңды қабылдайды. Бұл туралы елдің премьер-министрінің қызы Марьям Наваз Шариф хабарлаған. Үкімет консервативтік діни партиялардың да заң жобасының өтуіне кедергі жасамайтындықтары туралы уәделерін алған.
 
Заң жобасы қылмыскерлерге жауапкершіліктен құтылып кетуге мүмкіндік бермейді. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес отбасы мүшелері кісі өлтірушіні кешірсе, ол жазадан босатылып, тараптар келісімге келеді. Себебі аталған қылмыс әулеттің мақұлдауымен жасалады.
Парламентке заңдардың ислам шарттарына сәйкестігі турасында кеңес беретін Ислам идеологиясы кеңесі қолданыстағы заң Құранға қайшы келетіндіктен оны қолдамайтынын мәлімдеген.
 
Жаңа заң қабылдауға пәкістандық модель Кандил Балочтың өлімі себеп болып отыр. Моделді жұртшылық Ким Кардашьянмен салыстыратын. Кандил Балочты ғаламторда жалаңаш түскен суреттерін жариялағаны үшін туған ағасы Васим тұншықтырып өлтірген. «Мен оған дәрі бердім, содан кейін өлтірдім. Себебі оның жүріс-тұрысы жөнсіз»-деген ағасы. Пенджаб полициясы қызды тұншықтыру үшін мұрны мен аузын тігіп тастағанын хабарлаған.
 
Абыройын қорғау үшін өлтіру – отбасын ұятқа қалдырғаны үшін қыздың туысқандары жасайтын қылмыс. Пәкістанда мұндай жаза әлі күнге жиі қолданылады. Дерекке сүйенсек жыл сайын дәстүрді бұзған 500 әйел туысқандарының қолынан қаза табады екен.
 
Дереккөз: forbes.kz
нравится:    645
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии