17 Декабрь
23:50
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 тамыз 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пәкістанда қылмыстық топ 280 баланы зорлаған
Пәкістанда жергілікті халық жаппай ереуілге шықты. Олар құқық қорғау қызметкерлерінің өзіне сенімсіздік танытуда. Бұған елдің солтүстік-батысындағы  елді мекенде әрбір екінші бүлдіршіннің педофилдердің құрбанына айналу оқиғасы түрткі болған. Алдын-ала таратылған мәліметтерге қарағанда 280 бала зорланған.



Пенджаб провинциясының  тұрғындарының сөзіне қарағанда елде осы шулы мәселе қатысты 25 еркектен құралған үлкен қылмыстық топ бар. Қаскүнемдер балаларды қорқытып, сексуалдық әрекеттер жасауға мәжбүрлеп, бейнекамераға түсіріп алып, кейін ата-аналарын бопсалап, ақша талап еткен көрінеді.

Егер кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары қымыстық топ сұраған ақшаны бермесе, ол жергілікті нарыққа шығарылады екен. Қылмыстық топ шамамен  300 ролик түсірген. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, аталған оқиғадан 280 бала зардап шеккен деп хабарлайды The South China Morning Post.

Әлемді шулатқан оқиғаға қатысты билік те тиісті шаралар жасап жатыр. Пенджаб провинциясының бас министрі осы іске қатысты тәуелсіз сот тергеуін жүргізуді бұйырды.

Дереккөзі: dni.ru
нравится:    847
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии