|    |  
22 қараша 2018
03:11
қаз
​Панданың 5 айлық қонжығы алғаш рет жұрт алдына шықты
19 қаңтар, 09:36 652

Вашинтондағы ұлттық хайуанаттар бағында панданың қонжығы алғаш рет жұрт алдына шықты. Сүйкімді қонжықтың есімі Бэй-бэй деп аталады. Қытай тілінен аударғанда «асыл қазына» дегенді білдіреді. Ол осыдан 5 ай бұрын дүниеге келген. Алғашқыда оның салмағы бар болғаны 140 грамм болса, қазір 6 келіге жетіпті. Яғни қатарластарынан анағұрлым ірі көрінеді. Оған қоса қонжық өз бетінше тамақ жеуді және доп ойнауды үйреніп алған. Мұнда 300-ге жуық панда тіршілік етеді екен. Ал жабайы табиғатта олардың саны 1500-дей ғана. Алекс Ноель, Вашингтон қаласының тұрғыны: - Оны көріп, тамашалағанның өзі ғанибет. Өзім тіпті жылап та алдым. Пандаларды өсіру өте күрделі шаруа ғой. Лори Томпсон, биолог: - Ол жақсы дамып келеді. Енді оған ағашқа өрмелеп үйрену керек. Бұған дейін ондай мүмкіндік болған жоқ. Жақын арада оны ағашы бар жерге ауыстырамыз.

Дереккөзі: 24.kz
Жаңалықтар