11 Декабрь
07:56
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
26 тамыз 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Папуа-Жаңа Гвинеяда адам етін жеген 54 адам ұсталды
Папуа-Жаңа Гвинеяда адам етін жеумен айналысты деген күдікпен 54 жергілікті азамат ұсталды. Бұл туралы National басылымына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.


Күдіктілерді тұтқындау операциясы Дамер және Вайдабодоло елді мекендерінде жүргізілді. Арнайы операцияға 35 әскери және полицей қатысты.

Батыс аймағы құқық қорғау органдары өкілдерінің хабарлауынша, Флай өзенінің сағасындағы заңсыздықтар туралы мәліметтер 2009 жылдан бері келіп түсіп тұрған.

«Бірінші кезекте шағымдар күнделікті тұрмыста адам етін жеу және құпия діни жоралғының таралуы туралы болды. Келіп түскен деректерге қарағанда, белгісіз наным адамның басын кесіп алуға және үйлерді өртеп жіберуге үгіттейді екен», – дейді полиция басшысы Сильва Сика.

Жалпы, каннибализм – Папуа-Жаңа Гвинеяда өзекті мәселелердің бірі. Оған халықтың басым бөлігінің сиқырдың күшіне сенетіні себеп болып отыр.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    900
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии