20 Сентябрь
11:48
Астана: 16 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Спорт
8 тамыз 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Паралимпиада туралы не білесіз?

 
Паралимпиада ойындары —  бұл физикалық мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында түрлі спорт ойындарынан өткізілетін халықаралық сайыс. Олимпиада ойындарының баламасы. Төрт жылды бір рет, Олимпиада ойындарынан кейін, сол қалада өтеді. Биыл 7-17 қыркүйекте Рио-де-Жанейрода өтеді. ХV Паралимпиада ойындарында 22 спорт түрінен 528 медаль сарапқа салынады.
 
Жазғы Паралимпиада ойындары 1960 жылдан бастап, ал қысқы Паралимпиада ойындары 1976 жылдан бастап ұйымдастырылады. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту ХІХ ғасырда қолға алынған. 1888 жылы Берлинде құлағы естімейтін жандар үшін спорт клубы құрылса, 1924 жылы Парижде алғаш рет Олимпиада ойындары өткізіледі.
 
Паралимпиадалық қозғалыстың негізін салушы нейрохирург Людвиг Гуттман. Ол Германияда туып, 1939 жылы Англияға қоныс аударған. 1944 жылы Ұлыбритания билігінің тапсырмасы бойынша Сток-Мандевиль қаласындағы аурухана жанынан Жұлын жарақаты орталығын ашады. Нейрохирург спортқа тарту арқылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан солдаттарға қалыпты өмірге қайтуға көмектеспек болады. Соғысқа қатысқан солдаттарды физикалық оңалту жұмысы уақыт өте келе спорттық қозғалысқа ұласады.
 
Гуттман 1948 жылы арбаға таңылған спортшылар арасында садақ атудан сайыс ұйымдастырады. 1952 жылы Англия мен Голландиядан шыққан 130 мүгедек-спортшының қатысуымен бірінші халықаралық жарысты өткізеді. Бұл Халықаралық Сток-Мандевиль ойындары деген атқа ие болады.
 
 
«Паралимпиада» атауы қайдан шыққан?
 
 Гректердің «para» («қасында» немес «қатар») деген көмекші сөзі мен «олимпиада ойындары» деген сөздердің бірігуінен шыққан. Бастапқыда бұл атау аяқтың сал аурына орай   paraplegia сөзімен байланысты болған. Әуелде бұл ойындар омыртқасы ауыратын адамдар арасында өткізіледі. Кейінірек, басқа да дертке шалдыққан адамдар қатыса бастағаннан кейін олимпиадалық сайыстарға теңестіре түсу үшін «қасында» деген көмекші сөзбен ауыстырылған.
 
Паралимпиадалық ойындар мәртебесі алғаш 1984 жылы өткізілген ойындарға берілген. Бұның алдында бұл ойын «Мүгедектерге арналан олимпиада ойындары» деп аталатын. «Паралимпиада» термині ресми түрде 1988 жылғы ойындардан бастап бекітілді.
 
Паралимпиада ойындары:
 
Жазғы спорт түрлері

 
Ескек есу (академиялық)
Арбадағы баскетбол
Бочче
Велосипедпен жарысу
Ат спорты
Голбол
Жеңіл қайықта ескек есу
Дзюдо
Жеңіл атлетика
Үстел теннисі
Паратриатлон
Желкенді спорт
Жүзу
Оқ ату
Арбадағы регби
Арбадағы волейбол
Садақ ату
Арба теннисі
Ауыр атлетика
Арбада семсерлесу
Футбол 5х5
Футбол 7х7
 
Қысқы спорт түрлері
 
Тауда шаңғы тебу
Арбадағы керлинг
Шаңғымен жарысу
Биатлон
Следж-хоккей.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
нравится:    878
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии