22 Август
03:50
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
15 желтоқсан 09:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Париж клубы Кубаның $4 млрд қарызын кешірді
Халықаралық кредиторлардың Париж клубы Кубаның $4 млрд қарызын кешірді. Бұл туралы ақпарат халықаралық ұйымның ресми сайтында пайда болды. Осы қарызды қайта қаржыландыру аясында өткен Париждегі келіссөз кезінде халықаралық кредиторлар Кубаның 2033 жылға дейін 2,6 млрд АҚШ долларды қайтаруы тиістігін айтты.



Басқосу барысында Куба Париж клубының мүшелеріне елдегі қаржылық-экономикалық ахуалдың жәй-жапсары туралы мұқият әңгімелеп берді.  Франция қаржы министрі Мишель Сапенның айтуынша, Куба 1980 жылдан бері қарызын өтемей келген.  Ол осы ретте былай мәлімдеді: «Кубаның осы кезге дейін өтемеген қарызының пайызын кешіру туралы шешім қабылданды».  Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл келісім Куба мен Париж клубы арасындағы қаржылық қарым-қатынастың жақсаруына себеп болады.  Айта кету керек, Париж клубы 1956 жылы құрылды. Халықаралық ұйым құрамына қазір 20 мемлекет кіреді. Оның басты мақсаты - дамушы елдер қарызын қайта қаржыландыру, деп жазады informing.ru.

Дереккөзі: 24.kz
Loading...
Читайте так же:

Комментарии