13 Декабрь
13:15
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
16 қараша 09:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Парижде болған қанды қырғыннан кейінгі ахуал
Франциядағы қаралы күндер мен төтенше жағдай режимінің бүгін екінші күні. Бірақ Парижде болған қанды қырғын құрбандарының нақты саны әлі белгісіз.



Соңғы деректерге сәйкес, лаңкестік әрекеттен 129 адам қаза тауып, 352-сі жараланған. Солардың 99-ы қазір ауыр халде. Ел астанасындағы қауіп әлі сейілген жоқ. Жергілікті басылым беттері қайғылы оқиға туралы жазылған мақалаларға толы. Оның авторлары жұма күнгі лаңкестік салдарынан соғыс отының тұтануы мүмкін деп болжам жасаған. Ал Париждегі дүкендер мен көпшілік орындарда тыныштық орнады. Билік өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына көшеде көп жүрмеуді ескертті. Елисей алаңында осы күндері – жаңа жылдық базардың қызатын шағы. Бірақ аурухана, мектеп, кітапхана, мұражаймен бірге аталған сауда орындарының жұмысы да тоқтап тұр. Дегенмен туристер жағы көптен күткен демалыстың текке өткеніне наразы. Себебі көлік тасымалына шектеу қойылған. Таяуда әуе компаниялары кейбір рейстерін кейінге шегерді. Дәл қазір қалада күштік құрылым сарбаздары қару асынып, көшелерді күзетіп жүр. Айта кетейік, ертең ел ішінде құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    728
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Мира2015-11-17 15:18:57
    А что случилось?