Әлем жаңалықтары
12 қазан 17:18
​Парижде дәстүрлі жүзім жинау мерекесі басталды

Онсыз да саяхатшылар мен қонақтарға лық толы Франция астанасында қазір адам саны еселене түскен. Олардың арасында әр аймақтан жиналған шарап өндірушілер де бар. Кәсіпкерлер биылғы науқанды қорытындылап, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Шараға қатысушылар әртүрлі шараптан дәм татып, бағаларын беріп жатыр. Айта кетейік, Францияда жүзім жинау науқаны 18 қазанда аяқталады. Алдын ала қорытындыға сүйенсек, биыл әлем бойынша Италия шаруалары ең мол жеміс жинайды деп күтілуде. Ал Франция екінші орында болса, үздік үштікті Испания түйіндегелі тұр. Карин Вавринофф, шараға қатысушы: - Парижде француздар дәстүрінің түпкі тамыры жатыр. Сондықтан осы мерекені ел астанасында өткізу өте дұрыс шешім деп есептеймін. Ал шарап өндірушілер үшін бұл өз өнімін жарнамалауға керемет мүмкіндік.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика