22 Август
11:34
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
9 наурыз 11:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Парижде қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамхана ашылды
Гаухар мен Лоран – қазақтың атын француздарға ұлттық тағамдарымыз арқылы танытып жүрген жандар. Олар Парижде орналасқан қазақ ұлттық тағамдарын дайын­дайтын «Chez Mademoisselle» мейрамханасының иелері.Бұл туралы Ақжол басылымы хабарлайды.

2-620x330

Жалпы, Франция – ежелден мейрамхана ісімен танылған ел. Статистика бойынша онда ресми түрде тіркелген 77856 мейрамхана бар. Оның 15 мыңға жуығы бір ғана Париж қаласында орналасқан. Осыншама мейрамхананың ішінен ең таңдаулы деген мыңнан астамы ғана «Мишлен» деп аталатын париждік мейрамханалар анықтамалығына енеді. Осыдан-ақ бұл саладағы бәсекелестікті бағамдауға болады. Ал қазақтың жал-жаясы мен қуырдағы, ыстық бауырсағы арқылы танылған «Chez Mademoisselle» мейрамханасы – осы анықтамалыққа енген бірегей мейрамхана.

Бұл анықтамалық тізімінен көріну үшін іріктеу жасырын сарапшылар арқылы жасалады. Олар кез-келген күні дәмханаға барып, ол жақтың тағамдарына ғана емес, ыдыс-аяғының қойылғанынан бастап, әжетхана тазалығына дейін баға береді. Тағамымен тіл үйіріп қана қоймай, сан түрлі талаптардан сүрінбей өткен «Chez Mademoisselle» мейрамханасында қазақ тағамдарымен қатар, Орталық Азия халықтарының ұлттық тағамдары дайындалады.

1
нравится:    740
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии