17 Август
15:49
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Экономика
18 желтоқсан 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Париждегі особняк рекордтық қымбат бағаға сатылды


Париждің түбінде орналасқан особняк осы уақытқа дейінгі осындай тұрғынжайлар ешіндегі ең қымбат бағаға – 301 млн. долларға сатылды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Шато Луи XIV атымен аталатын бұл сарайдың рекордтық бағаға саудаланғанын агенттік тілшісіне екі кісі жеткізген. Олардың айтуларынша, особнякты Таяу Шығыстан келген бір кісі сатып алған.

Вилла 23 гектар аумақты алып жатыр. Ол француздың Версаль және Марли-ле-Руа деп аталатын тарихи елді мекендерінің арасына орналасқан. Ғимаратты салған Cogemad компаниясының мәліметінше, оның құрылысы үш жыл бойы жүргізілген. Үйде аквариум, кинотеатр және шарап жертөлесі бар. Ал аулада субұрқақ атқылап тұр.

Сарай саудасын жүргізуге Christie’s International Real Estate компаниясы қатысқан. Құрылысшылар бұл фирма мен өз компаниялары туралы мәлімет беруден бас тартқан. Алайда, мұның алдында, 2011 жылы Лондонда 221 млн. долларға сатылған пентхауз рекордының жаңартылғанын жасырып отырған жоқ.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    583
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии