18 Август
12:55
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
17 қараша 09:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Париждегі шабуылдар PlayStation 4 ойын құрылғысы арқылы жүзеге асырылған

ТГИЛ шабуылдарды интернетке қосылған PlayStation 4 ойын құрылғысы арқылы жүзеге асырған, деп хабарлайды Haberturk.com. Бұл туралы Бельгияның Ішкі істер министрі Ян Жамбон мәлімдеді. Олар осылайша бір-бірлерімен хабарласып, әр қадамнан бір-бірлерін хабардар етіп отырған. Франция астанасы Парижде 13 қарашада болған бірнеше жарылыс пен шабуылдарды ұйымдастырғандар мен олардың сыбайластарына қарсы ауқымды арнайы операция қолға алынған еді. Осыған қатысты оқиғаның егжей-тегжейлері белгілі бола бастады. «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» PlayStation 4 ойын құрылғысының арқасында бір-бірлерімен хабарласып отырғандықтары белгілі болды. Ян Жамбон Брюссельде арнайы операция арқылы бір үйде ойын құрылғысы табылғандығын және ұйым басшылары осы арқылы хабарласып отырғандығын алға тартты. Олардың ізіне түсетіндіктерін және ұйымдастырғалы жатқан шабуылдар жайлы мәліметті қауіпсіздік қызметкерлері тыңдау жүргізуі мүмкін болғандықтан, олар осы жолды таңдаған көрінеді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    791
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии