|    |  
14 желтоқсан 2018
07:59
қаз
​Париждің сән апталығында намаз оқығанда киетін көйлектер көрсетіледі (ФОТО)
28 қыркүйек, 16:40 936

  
Париждің сән апталығында  ресейлік дизайнер Сета Яндиеваның намаз оқығанда киюге арналған көйлектерінің топтамасы жұртшылық назарына ұсынылмақ. Сета Яндиева Ингушетияның тумасы, YAND брендінің негізін салушы.



YAND брендінің намазға арналған көйлектері жоғары сапалы француз жібегінен қолмен тігіледі. Қымбат тастар жапсырылады. Дизайны бірегей көйлекті тігу үшін 3 ай уақыт кетуі мүмкін.
 

 
«Мен үшін және менің командам үшін әр заттың пайда болуы – нағыз шығармашылық. Ол бұйымның макетін сызудан басталады. Қол еңбегі, ауыр жұмыс. Мінсіз көйлектің іші де, сырты да мінсіз болуы керек. Біздің барша әлеміміз жүздеген құпиялардан құралған. Олардың бірін мен түсіндім. Енді қыз-келіншектерге өмірдегі ең басты амалын жасаған сәттерде сұлу болып тұруларына көмектескім келеді»-дейді автордың өзі.


 
Дереккөз: islamreview.ru


Жаңалықтар