21 Август
06:55
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
14 қыркүйек 18:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пастицио (туралған ет қосылған пісірме)


Сізге мына заттар қажет болады:


400 г қалың макарон (мүмкіндігінше ұзын болғаны)
2 а.қ. сары май
2 а.қ. кептіріген үгітпе нан
400 г  үгіткіштен өткізілген қатты ірімшік (мәселен, пармезана)

Ет тұздығын жасау үшін:
2 а.қ. өсімдік майы
600 г сиырдың турама еті
1 орташа пияз
тұз
ұсақталған қара бұрыш
3 а.қ. қызанақ пастасы
½ стақан қызыл шарап  
1 дәмқап таяқшасы
2 бұршақты бұрыш

Сүт тұздығын жасау үшін:
4 а.қ. бидай ұны
1 л сүт
4 жұмыртқа
1 ш.қ. жұпар жаңғақ

Дайындау тәсілі:

1. Макаронды қайнатамыз. Макаронымыз аздап қаттылау болғаны дұрыс. Сосын оны суық суға шаямыз.



2. Ет тұздығын дайындау: табаға аздап май құйып, турама етті 7-10 минуттай қуырамыз. Кесек-кесек болып қалмауы тиіс. Пиязды ұсақтап турап табаға саламыз. Дәміне қарай тұзын, бұрышын және қызанақ пастасын  саласыз. Сосын шарап пен дәмдегішті қосамыз. Ет піскенше 20 минут  бұқтырамыз.




3. Үлкен шұңғылдау ыстыққа шыдас беретін форманы алып, оған сары майды жұқалап жағамыз және оған  үгітілген нанды себеміз. Дайын макоронның жартысын саламыз  үстінен ірімшікті себеміз, сосын ет тұздығын жаймалап саламыз. Үстіне қалған макаронды саламыз үстінен тағы да ет тұздығын сосын қалған ірімшікті себеміз.



4. Сүт тұздығын дайындау: ұнды қалған сары мен  араластырамыз, сүтті 50-60 градуста қыздырып және оны ұнға құямыз, Ақырын отқа қоя отырып араластыру қажет. Жақсылап араластырылған жұмыртқаны, тұз және дәміне қарай бұрышты салып тағы да жақсылап араластыру қажет.

5. Макаронға сүтті тұздықты құямыз.



6.  Макарон салынған  форманы 180 градуста қызып тұрған пешке қоямыз. Пастиционы 35-40 минут пісіру қажет.




Асыңыз дәмді болсын!
 
нравится:    875
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии