24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
12 тамыз 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодар аулаларының бірінде Жак-Ив Кустоның ерекше портреті пайда болды

Павлодар аулаларының бірінде Жак-Ив Кустоның ерекше портреті пайда болды, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz тілшісі. Атақты мұхит зерттеушісінің бейнесін қабырғаға салған автор бұл жұмысын өңірлік «Ертіс күні» мерекесіне арнап отыр.

27 жастағы Ярослав Александровтың айтуынша, соңғы кезде шаһарда әдепсіз сөздер жазылған бейәдеп суреттер көбейген. Суретші алдымен коммуналдық қызмет мекемесінің рұқсатын алуды жөн санапты.  - Жак-Ив Кустоның бейнесін салуға бір күн уақыт кетті. Ғалымның бейнесін қылқыламмен эмульсия бояуы арқылы салдым. Бастысы суретім көпшіліктің көңілінен шықты. Ешкім тыйым салмаса, бұл бастамамды жалғастырғым келеді. Жақында Қарағанды қаласына бармақ ойым бар. Онда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай сурет байқауында бақ сынасамын, -  суретші Ярослав Александров. Айта кетерлігі, портреттен өзге мұнда ғалымның туған жылы мен өмір жолынан үзінді жазылған. Атақты мұхит зерттеушісін танып білгендер жас суретшінің бұл жұмысына оң баға беруде. Ал автордың өзі мұнымен шектелер емес. Тек бастамасына еш кедергі жасалмаса деп тілейді.
нравится:    591
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии