25 Сентябрь
21:00
Астана: 4 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
1 шілде 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодар маңында екі бұланды көлік қағып кетті

Павлодарға жақын маңда екі бұланды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 62 жастағы көлік жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушы ауыр халде ауруханаға түсті. Лағын ерткен бұлан оқыстан жолға шығып кетіп, көлік апатына себепші болған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көлік жануарларды сол жерде қағып өлтірген. Мамандар дала тағыларының қалаға жақын келуін сирек кездесетін құбылысқа балайды. Әйтсе де, өңірде бұландардың өсімі байқалады. Олардың саны қазір 150-ден асады. Аждар Жүсіпов, облыстық табиғатты қорғау және жануарлар әлемі басқармасының басшысы: - Олар әдетте шөбі шүйгін Ертіс қойнауында жайылатын. Биыл алқаптардың бәрі суға толып тұр. Олардың жайылым іздеп,қалаға жақындаулары да мүмкін.
 
Дереккөз: 24.kz.
нравится:    657
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии