24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
9 маусым 15:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Павлодар тұрғыны әкесінің мәйітін балконда төрт ай сақтаған
Павлодарда ер адам әкесінің мәйітінің пәтерінің балконында төрт ай сақтап, құқық қорғаушылар келгенде өзі терезеден секіріп кеткен. Павлодар полциясы қазір осы істі тергеп жатыр.


 
Пәтердің 77 жастағы қожайыны қаңтарда қайтыс болған. Оның 52 жастағы ұлы әкесін жерлеуге асықпаған. Тек мәйітті полэтиленге орап қойған. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.
 
Мәйіт бүлінбегенімен, күн жылыған соң иістеніп кеткен. Ал ұлы сол пәтерде тұра берген. Полиция қызметкерлері келгенде ол мас болыпты. Құқық қорғаушыларға бесінші қабаттан жаман иіс шығатынын айтып, көршілері хабар берген.
 
Учаскелік инспектор келгенде марқұмның ұлы үйінде болған, бірақ есік ашпаған. Тәртіп сақшылары есікті бұза бастағанда ол терезеден секіріп, дүкеннің шатырына құлап, жарақат алған.
 
Полия қазір мәйітті сараптамаға жіберген. Марқұмның ұлы туысқандарымен араласпағандықтан, ол кісінің қайтыс болғанын туған-туыстары білмей де қалған. Ал көршілері болса ұлына марқұмның зейнетақысы қажет болғанын айтып жатыр.
 
Дереккөз: www.caravan.kz
нравится:    762
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии