20 Октябрь
05:31
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
14 шілде 16:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодарда екі жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті



Павлодарда жоғалып кеткен екі жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды nur.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Павлодар қаласында екі жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпарат шықты. Олардың біреуі 25 жастағы Евгений Заворников. Соңғы рет жігітті шілденің 9-нан 10-на қараған түні Омбы тас жолындағы саяжайлардың маңында көрген.
"Бұл күні ол таныстарымен саяжайда демалған. Кейін барлығы үйлеріне қайтып, Евгений бүгінгі күнге дейін үйге келмеген. Ол ЖЭС-2-де жұмыс істейді. Біз 2012 жылы Алматы қаласында әскери борышымызды бірге өтегенбіз. Евгений сабырлы жігіт", - деді Александр Кучеровский.
Евгений арықша келген, бойы 178 см. Иығында балық зодиак белгісі бар, ал сол қолында бас бармақтың қасында «З» әріпі жазылған. Жас жігіт қара спорттық киімде болған.
Сонымен қатар, павлодарлық полиция мен еріктілер 10 күн бұрын жоғалып кеткен Виктор Кириченконы іздестіріп жүр. 20 жастағы жігіт үйінен шығып, қайта оралмаған.
Айта кетерлігі, жаз басталғаннан бері Павлодарда үш жігіт жоғалып кеткен. Естеріңізге сала кетсек, 20-жастағы Бауыржан Нұрмұхамбетовты іздестіруге еріктілер мен полиция қызметкерлерінен басқа, қазақстандық көріпкелдер де қосылған болатын. Олардың айтуынша, Бауыржанды Павлодар облысының Качир ауданы мен Астана қаласы маңынан іздеген, бірақ әлі де еш нәтиже жоқ.
Осыдан үш апта бұрын Бауыржанның ата-анасы бейнехабарлама жолдаған болатын. Соңғы рет Бауыржан Нұрмұхамбетовты екінші Павлодардағы Карагандинская көшесі, 1 мекенжайындағы «Даниял» дүкенінде көрген. Жігіт ақ және көк жолақты жеңіл жейде, сұр түсті спорттық шалбар және қоңыр аяқ киімде болған.


Дереккөзі: Nur.kz
нравится:    632
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии