|    |  
18 қыркүйек 2019
06:06
қаз
​Павлодарлық азамат мешіттен 6000 теңге ұрлаған
27 тамыз 2019, 13:27 23

Полицияға мешітте ұрлық жасалғаны туралы хабар түсті.
«25 тамыз күні 12.49-да Павлодардың мешіттерінің бірінде ер адам садақа салатын жәшіктен 6000 теңге ұрлаған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция қызметкерлері ақша ұрлаған күдіктіні анықтап, бір сағаттың көлемінде қолға түсірген.
«Ол облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 118 бабына сәйкес («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді полиция өкілі.

Антон Гагарин

 


Жаңалықтар