27 Май
14:11
Астана: 4 °C
Алматы: 30 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
19 шілде 11:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Павлодарлық оқушы Гонконгта өткен олимпиадада топ жарды

 
Павлодардағы «Жас дарын» мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Әмір Гонконгте өткен халықаралық ІМО олимпиадасында математика пәнінен бірінші орын иеленді.
 «Жас дарын» мектеп директорының орынбасары Бәтима Әбдіжүсіпованың айтуынша, алғашында, кейбір мамандар Әмірдің Қытайға баруына қарсы болған.
 
– Себебі Гонконктегі олимпиаданың бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арналған. Дегенмен, 9-сыныпта оқып жүрсе де, шәкіртіміз білімін дәлелдеп, әлемдік жарыста топ жарды. Ол 28-маусым мен 8-шілде аралығында Алматы қаласында арнайы дайындықтан өтті. Біздің мектепке 5-сыныптан бері оқиды, – деді Бәтима Әбдіжүсіпова. Қытайдың Гонконг қаласындағы ІМО халықаралық олимпиадасы шілденің 10-15 аралығында өтті. Қазақстанның намысын қорғап жарысқа алты оқушы аттанып, бір алтын, бір күміс, үш қола медальге қол жеткізді.
 
– Америка, Франция, Қытай, Ресей және тағы да басқа алпауыт мемлекеттердің арасынан үздік шығып, еліміздің абыройын асырды. Әмірмен 7-сыныптан бері жұмыс жасаймын. Өте дарынды оқушы, – деп атап өтті Мұхаммед-Әли Әмірдің мұғалімі Арыстан Текенов. 
 
Дереккөз: el.kz
нравится:    655
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии