20 Январь
16:46
Астана: -17 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
6 қаңтар 17:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодарлық полицейлер видеодағы қанды оқиғаның қайда болғанын анықтады


Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Желіде кеңінен тараған видеодағы оқиға Уфаның азық-түлік дүкендерінің бірінде 2017 жылдың 21 желтоқсанына қараған түні болған. 

Ресейлік БАҚ таратқан ресми мәлімет бойынша, дүкенге гүл ұстап кірген 26 жастағы жігіт оны тауар сатып алып жатқан қыздардың біріне ұсынған. Алайда, бойжеткен гүлді алудан бас тарқан, сол кезде қандықол қылмыскер бойжеткенге  17 рет пышақ салған.

Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Күдікті Өзбекстан азаматы болып шықты. 

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиғаның видеосы жаңа жылдық мерекеден кейін орын алды деген комментариймен бірге «Павлодар, «Пахомовский дүкені» деген атаумен Павлодарда әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен болатын. Алайда, Павлодар ІІД бұл деректі растамады. Ендігі жерде полиция видеоны Павлодарда болды деп таратқандарды іздестіріп жатыр.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Психикасы тұрақты емес және 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды.



 
нравится:    248
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии