16 Декабрь
17:04
Астана: -11 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 желтоқсан 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ дайындады


Павлодарлық студенттер Асхат Айтжанов пен Нургиза Калинованың "Қымыздан балмұздақ дайындау" тақырыбында қорғаған жобасы жастардың бизнес-бастама форумында жеңімпаз атанып, бес жүз мың теңге жүлдеге ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

 Жоба авторларының бірі Асхат Айтжановтың айтуынша, бұл идея бір ай бұрын туындап, аз уақыт ішінде қолға алынған. - Біз әуелі шипалы сусыннан жасалған балмұздақты балалар мен ересек адамдарға ұсындық. Ерекше тағам дәм татқандардың көңілінен шыққан соң, білім ордасы басшылығына ресми хат жаздық. Бұл ұсынысымыз бірден қолдау тапты. Көп ұзамай университетіміздегі Enactus ұйымымен тығыз байланыс орнатып, жобамызды республикалық форумда қорғауға жолдама алдық. Нәтижесінде жобамыз көпшіліктің көңілінен шықты, - деді А. Айтжанов. 21 жастағы жас ғалымның айтуынша, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен форумда республиканың түкпір-түкпірінен 160-тан астам жас ғалым қатсықан. Қазірде тәтті тағамның екі түрі дайындалған: бірі - қышқылдау болса, екіншісі - тәтті.
 
нравится:    731
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии