19 Ноябрь
03:41
Астана: -3 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
20 маусым 16:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Павлодарлық зейнеткер әсерлі биімен Қазнет жұлдызына айналды (видео)


Павлодарлық зейнеткер өзінің әсерлі биімен Қазнет жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарттың биі түсіп қалған "Позитивный дедуля" видеосын Ринат Ермекбаев есімді интернет қолданушысы YouTube арнасына жүктепті. Видеодағы кадрлардан зейнеткердің Павлодардағы орталық саябақта билеп жатқаны көрінеді. Оның биі барлық тұрғынды таңғалдырмай қоймайды.






Видеоның кейіпкері павлодарлық 65 жастағы Амангелді Мінкенов болып шықты. Зейнеткердің әйелі Надежда Климованың айтуынша, ол кәсіби биші де емес, бірақ өмірін бисіз елестете алмайды екен. Ең қызығы, ол болашақ жарымен би алаңында танысыпты. Ол уақытта олардың екеуі алпыс жасқа келіп, әрқайсысының үш баласы мен алты немересі болған екен.
Әйелінің айтуынша, ол барлық қалалық шарада билеп, өнер көрсетеді. Тіпті, Омбыдағы би алаңын жаулап алды. Кейде ол үшін қорқамын, жас жігіт емес қой, бірақ оны ештеңе тоқтатпайды", - деді Климова.



Көшеде билеп жатқан кездерінің бірінде бір күлкілі жағдай болды. "Мерекелердің бірінде билеп жатып, ол барлығының назарында болды. Адамдар оны қоршап, телефондарын түсіріп, қол шапалақтап, ал жігіттердің бірі ортаға қорап қойып, оған барлығы ақша салып жатты. Бірде полицей менің қасыма жақындап былай деді: Күйеуіңіз мас па? Күйеуім болса, қасымызға жүгіріп келіп, полицеймен әзілдесе бастады. Ол мүлде шекпейді және ішпейді. Жай өзі көңілді адам"- деді әйелі.
Сонымен қатар, зейнеткер өзін әрдайым сергек әрі жақсы сезіну үшін күнде алаңда жүгіреді екен. Футбол, волейбол ойнайды, билейді. Демалыс сайын әйелімен бірге қарт кісілерге арналған би кештеріне барады. "Мұнда мен барынша дем аламын, күш жинаймын. Би мені сергітіп, өмірімді ұзартады", - деді зейнеткер.
нравится:    958
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии