|    |  
20 қазан 2019
16:24
қаз
Пайдасы жоқ 7 косметикалық зат
26 мамыр 2017, 10:34 68
Жарнамаға сеніп түрлі кремдер мен маскаларды маманның нұсқауынсыз қолданып жатамыз. Кейде оның теріс әсерін де байқап жатамыз. Сондықтан бүгін сіздерге аса қажет емес косметикалық құралдармен таныстырамыз.

Шаштың ұштануына қарсы сұйықтықтар

Шаштың ұштануына қарсы сусабын, бальзам және түрлі сұйықтықтардың мүлде пайдасы жоқ екен. Олар тек көз алдамшы ғана. Азғана уақыт шаштың ұштарын түзеуі мүмкін, бірақ ол кейін қайта шығады. Сондықтан ең ұтымды таңдау-шаштың ұшын кестіру.



Қолға және аяққа арналған кремдер мен денеге арналған лосьондар

Тағы бір миф, маркетолгтардың ойлап тапқан дүниесі: денеңіз әр мүшесіне әр түрлі арнайы кремдер керек. Әрине бетіңіз ерекше күтімді қажет етеді. Ал басқа мүшелеріңізге бір кремді пайдалана берсеңіз болады екен. Барлық кремдер мен лосьондардың қасиеті бірдей болғандықтан оны қолыңызға да, денеңізге де қолдана беріңіз.



Қайызғаққа арналған сусабындар

Май бездерінің жұмысының бұзылуынан баста қайызғақтар пайда болуы мүмкін. Әдеттегі сусабындар бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан сізге дәріханаларда сататын арнайы усабындарды алу керек.



Бетке арналған тоник

Бетке арналған тоник-қыздар үшін аса қажет деп табылатын сұйықтық. Дұрыс бет күтімі үшін керек деп білеміз. Оның орнына бетті тазалайтын сабындарды пайдалана беруге болады екен. Оның құрамында спирт жоқ, сол себепті теріге зиян келтірмейді.



Ерінге арналған бальзам

Барлығымыз ерінді нәрлендіру үшін бальзам жағу керек деп ойлаймыз. Әрине кейбір бальзамдар шынымен көмек бері мүмкін, бірақ көбінің құрамында спирт болады. Ең ұтымды шешім косметикалық вазелин жағу екен.



 Целлюлитке қарсы кремдер

Салмақпен күресу қыздардың басым көпшілігінде басты мәселе саналатыны рас. Осы орайда олар целлюлитке қарсы кремдерді қолданып, шешімін тапқысы келеді. Бірақ одан пайды болмайтынын түсініңіз. Дұрыс шешім спортпен айналысу және дұрыс тамақтану.



Кутикулға арналған майлар

Тырнағыңызға маникюр істейтін кезде, сәтті шығуы үшін арнайы майлар жағамыз. Бірақ одан ешқандай пайда жоқ екен. Кутикулдың мәселесін шешу үшін вазелиннің көмегі мол болады.



http://ikerim.kz/2017/04/10/paidasy-jok-7-kosmetikalyk-zat/


Жаңалықтар