26 Май
18:16
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
9 мамыр 17:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Пайдасынан гөрі зияны басымырақ»: британдық ғалымдар кеуде обырын анықтау скринингі туралы


Британдық дәрігерлердің пікірі бойынша, кеуде обырын ерте нақтылаудағы жоспарлы тексеріс пайдадан гөрі зиянын көп тигізеді екен.

Times газетіне 15 дәрігерден тұратын топтың жазғанындай, скринингтен өткен әйелдердің күйзелмегендері, ал медицина қызметкерлерінің әйелдерді қорқытпағандары абзал.

Бұл ашық хат Англиядағы 450 мың әйелдің кезекті скринингке компьютерлік бағдарлама ақаулығы салдарынан шақырылмай қалғандығына байланысты туындаған дау-дамайға сәйкес жарияланған болатын.

Бірікке корольдікте Ұлттық денсаулық қызметі аясында маммография әр үш жыл сайын 50 мен 70 жас арасындағы әйелдерге ұсынылатыны белгілі.

Кеуде обырына қарсы күрес жөніндегі қайырымдыық ұйымдарының айтуынша, мұндай скрининг әйелдерде обырды ерте нақтылауға мүмкіндік береді екен.

"Айырмасы жоқ"

Бұл ашық хатта ғалымдар тобы скринингтен өтуге тиіс 70 пен 79 жас аралығындағы әйелдер өз кеудесінде қатаюды немесе басқа да белгіні байқаған кезде ғана дәрігерге көрінуіне кеңес берді.

"Сүт бездерін скрининг жасау бағдарламасы пайдадан гөрі зиянын көп тигізетіні анық» дейді мамандар. – Көптеген әйелдер де дәрігерлер секілді сүт бездерін тексеру скринингінен өтуден бас тартуда, өйткені бұл жалпы өлімге әсер етпейді».

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, скрининг қауіпті және емделмейтін обырдың дамуын тежемейтіні анық.
"Микроскоптың арғы жағындағы өзгерісті обырға ұқсату қажет емес және тым ерте» делінген жарияланған хатта.

Бұл хатқа қол қойғандардың қатарында – лондондық King's College-дің әйел аурулары маманы, профессор Сюзан Бьюли және Лондондағы Университет колледж хирургы, профессор Майкл Баум бар.

Бұған дейін, 2009 жылғы компьютерлік қателік салдарынан Англиядағы көптеген әйелдер кезекті скринингін жіберіп алған болатын, бұл 270 әйелдің өмірін ерте нақтылап, аман сақтап қалуы мүмкін еді.

Англия денсаулық сақтау министрлігі бұл үлкен қателікті 2018 жылдың қаңтарына дейін байқамағандығын хабарлап, мамыр айының соңына дейін 309 000 әйелге жіберіп алған маммографияны өтуге хат жолдайтынын ескертті.

"Медальдың екі жағы"

Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің есептеуі бойынша кеуде скрининг бағдарламасы 200 әйелдің ішінде біреуінің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді екен, осылайша жылына 1200 адамды құрайтыны белгілі.

Бірақ маммографиядан өткен 200 әйелдің ішінде үшеуінде қауіпті формаға айналмауы мүмкін обыр жасушаларын анықтап, нәтижесінде әр жыл сайын шамамен 4 мың әйелге қажет емес ота жасалынады екен.

Breast Cancer қайырымдылық қорының бұқарамен байланыс және зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Фиона Хейзеллдің айтуы бойынша, британдық денсаулық сақтау министрлігінің әйелдерге уақытында өткізілмеген маммографиядан өтуді ұсынуы өте дұрыс.

Оның көрсетуі бойынша, "скрининг бағдарламасы бұрыңғысынша әйелдерге кеуде обырын ерте нақтылауға мүмкіндік береді, бұл  ол аурудан айығуға септігін тигізетіні анық".

Мұндай пікірді Breast Cancer Care ұйымының директоры Эмма Пеннери де қолдайды. Оның айтуынша, сүт бездерін тексеру скринингі "обырды ерте нақтылаудың ең тиімді жолы" болып қала бермек. Алайда ол медальдің екі жағы бар екенін де мойындайды, әр құтқарылған әйелге қажет емес емді қабылдаған үш әйелдің болатынын және айтады.

"Бірақ белгілі бір жас аралығындағы әр әйел скринингтен өту-өтпеуді өзі шешкені абзал ", - дейді Пеннери.

"Скринингтің жақсы тұстары мен нашар тұстары да бар. Кейбір әйелдер обыр бола тұра оны ерте нақтыламайды, ал енді бірі болмаса да қайта қайта тексеріледі» дейді мамандар.

"Әйелдердің бірқатары өз кеудесіндегі түрлі өзгешеліктерді байқау салдарынан скринингтен өткен жағдайларда 72% олардың байқағаны дәл өзі болып нақтыланып та жататын кездер болады, сондықтан скрининг – дұрыс емес нәрсені бақылаудың жалғыз жолы болып табылмайтыны  анық", - деп атап өтті Cancer Research UK-тен Сара Хайм.

Бұл ұйымның мәліметіне сүйенсек, Британияда жыл сайын кеуде обырынан 11 000 адам көз жұмады екен.



Дереккөзі: www.bbc.com
нравится:    42
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии