25 Сентябрь
22:51
Астана: 2 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
12 шілде 12:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Педагогтар жетім балалардың мәліметтер қорын намысқа тиетін анықтамамен толтырған



Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер қоры қазақстандықтардың жағасын ұстатты.

"Қостанай таңы" облыстық газетінде жарияланған мақала шынында да жаға ұстатарлық мәліметтерге толы екен. Мәселенің мән-жайын толық түсіндіру мақсатында мақала авторының (Қуаныш ЕСҚАБЫЛ) стилін сақтай отырып, мақала мәтінін толық күйінде ұсынғанды жөн көрдік.

"Өткен жұмада Білім және ғылым Министрлігі тұсауын кескен жобада кейбір бүлдіршіндерді топастау, еріншек, салақ, аңғал, қорқақ, сараң, ой-өрісі кеміс, бір сөзбен айтқанда "басы істемейтіндер" деп сипаттаған.

Ол ол ма? Хобби деген бағанда «қолынан еш нәрсе келмейді» деп жазып қойыпты. Деректер қорын дұрыс тексермей, осындай масқаралыққа, кемсітушілікке жол берген білім министрлігі де, жетімдер үйінде балаларды бағып отырған «педагогсымақтар» да кінәлі деп санаймын.



Себебі, кішкентай бала деп, туған-туысқаны жоқ деп, оның ар-намысына келетін сөздерді бүкіл жұртқа жайып салу – барып тұрған қылмыс. Басқаша атауға да сөзім жоқ. Әлеуметтік желілерде басы дауға қалған ведомствоның атынан министрдің кеңесшісі Балия Әкімбекова ақталып, кемшілікті түзетуге уәде берді. Ал балаларды қорлаған «басы істемейтін» педагогтарға қандай жаза қолданылатыны туралы тіс жармады. Меніңше, оларды жұмыстан қуып қана қоймай, темір тордың ар жағына жіберу керек. Себебі мұндай педагогтар баланың психологиясын бұзып, тұлға болып қалыптасуын тежейтіні анық.



Айта кетейік, бүгінде елімізде жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 666 бала тіркелген екен. Олардың 8 мыңнан астамы жетімдер үйінде тәрбиеленуде. Алғашқы сатыда жаңа жүйеге дәл осы топтағы балалар енгізілген болатын.



Дереккөзі: http://kostanaytany.kz
нравится:    605
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии