22 Август
05:44
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
29 маусым 13:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пекинде жаңа азиялық банк келісіміне қол қойылды
Пекинде Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банкке бәсекелесуі тиіс жаңа халықаралық қаржы ұйымы - Азия инфрақұрылым инвестициялары банкін құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтіп жатыр.


Келісімге Азия инфрақұрылым инвестициялары банкіне бастапқы капитал үлесін анықтайтын 57 мемлекет өкілдері қол қоюы керек. Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Кореямен бірге құрылтайшылар құрамына кіретін Австралия құжатқа алғаш боп қол қойғаны хабарланған.

Жапония мен АҚШ бұл банк құрылтайшылығына қатыспайды. Пекиннің «жұмсақ күш» саясатының ықпалы бар деп санаған Вашингтон банктің басқару стандарттарына күмәнмен қарайтынын білдірген.

2014 жылы қазан айында 21 құрылтайшы мемлекеттің шешімімен құрылған Азия инфрақұрылым инвестициялары банкі Азиядағы энергетика, көлік және инфрақұрылым жобаларына инвестиция салуы тиіс.2015 жылдың жартысынан әрі қарай банк жұмысы басталады деп есептелген. 

Дереккөзі: Азаттық
нравится:    660
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии