18 Август
01:16
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
11 наурыз 10:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды
Бразилия құрамасы құрамында жүріп әлемнің үш дүркін чемпионы атанған әйгілі футболшы Пеле екі мыңға жуық жеке затын аукционға қойды. Бұл туралы  Reutersке сілтеме жасап "Р-Спорт" хабарлады.




Аукцион лоттарының ішінде - әлем чемпионаттарының үш алтын  медалі және Жюль Риме сыйлығының көшірмесі бар. Сондай-ақ Пеленің жасөспірім кезінде шұлықтарды орап жасап алған футбол добы да сатылады.
"Жанкүйерлерім мен коллекция жинаушыларда да менің тарихымның бөлшегі болсын деп шештім. Олар бұл артефакттарды бағалап, менің тарихымды балаларымен және болашақ ұрпақтарымен бөліседі деп үміттенемін", - деді Пеле.
Аукцион 7 және 9 маусым аралығында Лондонда өтеді. Алынған қаражаттың бір бөлігі бразилиялық Куритиба қаласындағы балалар ауруханасына беріледі. 
Жюль Риме сыйлығының көшірмесі 400 мың доллардан бір миллионға, әлем чемпионаттарының үш алтын  медалі  200 мың долларға, ал  Пеле соққан 1000-шы голдың добы 40-60 мың долларға сатылады деп күтілуде, деп хабарлады Vesti.kz.
нравится:    681
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии