Әлем жаңалықтары
15 ақпан 09:30
Пенсильвания штатында 50-ден астам көлік соқтығысып қалды


АҚШ-тың Пенсильвания штатында 50-ден астам көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Салдарынан 3 адам ажал құшып, тағы он шақтысы жарақат алған. Өңірде қалың қар түсіп, артынша күшті жел тұрған.

Жол-көлік апатына осы жағдай себеп. Қар құрсауында қалып қойған темір тұлпардың жүргізушілері уақытша орындарға орналастырылды. Мұнда қазір шамамен 70 адам бар. Ал апат болған тас жол жабық. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика