12 Декабрь
08:32
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
15 қазан 17:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Pepsi тарихында қолданылған лозунгтар

Pepsi Cola сусынын 1898 жылы америкалық Нью-Берн қаласының тумасы Калеб Брэдхем есімді фармацевт ойлап тапқан. Алғашқыда «Брэд сусыны» деп аталған өнімнің құрамына пепсин (гидролаз класына жататын протеолит ферменті) мен кола жаңғағының экстракті кіреді. Pepsi Cola атауы 1903 жылдан бастап қолданылады. Қазіргі таңда Pepsi Cola әлемдегі ең көп сұранысқа ие газды сусындардың біріне айналған.

Америкалық компания өзінің әр жылғы коммерциялық бағытын әртүрлі маркетингтік лозунгпен бастайды. Ендеше Pepsi тарихында қолданылған слогандарды назарларыңызға ұсынамыз.

• 1950 — «Бір уысқа көбірек сусын» («More Bounce to the Ounce») 
• 1958 — «Қарым-қатынасқа жақын бол, Пепсиден дәм тат» («Be Sociable, Have a Pepsi») 
• 1961 — «Пепси жастар сынды ойлайтындарға арналған» («Now It’s Pepsi for Those Who Think Young») 
• 1964 — «Оян, сен Пепси дәуіріндесің» («Come Alive, You’re in the Pepsi Generation») 
• 1967 — «Өзге сусындардан басып озатын дәм — Пепси» («(Taste that beats the others cold, Pepsi Pours It On») 
• 1969 — «Сен ұзақ өмір сүруге тиіссің, Пепсидің саған ұсынысы көп» («You’ve Got a Lot to Live, Pepsi’s Got a Lot to Give») 
• 1973 — «Пепси қоғамына қосыл» («Join the Pepsi people») 
• 1975 — «Пепсимен күніңіз жақсы өтсін» («Have a Pepsi day») 
• 1979 — «Пепсимен шаттан» («Catch that Pepsi spirit») 
• 1981 — «Пепси сізге өмірлік дәм ұсынады» («Pepsi’s got your taste for life») 
• 1983 — «Пепси дәуірі келді» («Pepsi’s Now!») 
• 1984 — «Жаңа ұрпақ Пепсиді таңдайды» («The Choice of a New Generation») 
• 1991 — «Өзіңмен бірге ал» («Gotta Have It») 
• 1995 — «Тек қана — Пепси» («Nothing Else is a Pepsi») 
• 1999 — «Өмірден барлығын ал» / «Кола ләззаты» («Ask for More» / «The Joy of Cola») 
• 2003 — «Нағыз кола» / «Көпке талпын» («It’s the Cola» / «Dare for More») 
• 2007 — «Өзіңді бақыттырақ сезін» («More happy») 
• 2007 — «Сезін. Өмір сүр. Ойлап тап» («Feel. Live. Create») 
• 2010 — «Барлығы енді басталады» («Everything will begin now») 
• 2011 — «Үлкен сұраныспен өмір сүр» («Live with large sip») 
• 2012 — «Пепсимен осында» («Here with Pepsi») 
• 2013 — «Пепсимен осында өмір сүр» («Live with Pepsi here») 
• 2014 — «Пепсимен осында өмір сүр» («Live with Pepsi here») 
• 2015 — «Pepsi ұсынысын қабыл ал! Пепсимен осында өмір сүр» («Got a Pepsi choice! Live with Pepsi here»)

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    668
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии