|    |  
17 қараша 2019
14:46
қаз
Перуде мәулендер көпшіліктің көзайымына айналды
18 наурыз 2016, 10:40 35


Перу астанасы Лимада ала жолбарыстың қос баласы көпшілікке таныстырылды. Бүгінде мәулендер хайуанаттар бағының мақтаныштары саналады. Себебі ақ жолбарыстар – өте сирек кездесетін жануар. Олар негізі бенгал жолбарысынан тарайды.

Жыртқыштардың ақ терісі мен көк көздері будандастырудан кейін пайда болған. Қазір табиғатта ақ жолбарыстар мүлде кездеспейді. Дүниеге келгеніне 2 ай болған жыртқыштардың денсаулығы мықты және әрқайсысының салмағы 8 келіден. Әлемдегі бақтарда бар болғаны осындай 150 ғана жануар бар екен. Алғашқы ақ жолбарыс ХХ ғасырдың ортасында көзге түскен.

Дереккөзі: 24.kz


Жаңалықтар