22 Август
01:37
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
19 мамыр 17:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Перзентхана қызметкерлері нәрестелерді сатумен айналысқан
Алматы облысы клиникалық емханасының перзентханасындағы үш қызметкер жаңа туған сәбилерді сатуды бизнеске айналдырған деп жазды “Время” басылымы.


Алматы қаласы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қалалық прокуратура бірігіп, 2014 жылдың күзінде тергеу жүргізді. Тергеушілер перзентхана қызметкерлерінің кем дегенде 5 сәбиді сатып үлгергенін анықтады.

Қылмыскер әйелдердің бірі босанған аналарды баласын ақшаға сатуға көндірумен болса, екіншісі сатып алушыларды іздестірген. Ал үшінші әйел құжаттар жағын реттеп отырған. Нәрестенің тегі өзгертіліп, перзентханадан шығарылып отырған.

Полиция медицина қызметкерлерінің қолында балалары жоқ жұптардың тізімі болған деген болжам жасауда.

4 сәби Алматы, Алматы облысы мен Павлодар облысы жанұяларынан табылды. Үш нәресте де $3 мыңға  сатылған екен. Ал 5 сәбиді $5 мыңға сатып алған Жамбыл облысының тұрғыны полицияға хабар беріп, нәрестені дәрігерлерге қайтарған.

Құқық қорғаушылар нәрестелердің биологиялық аналарын анықтады. Барлығы да жағдайы төмен отбасынан шыққандар.



 
нравится:    695
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии