қаз
Перзентханада 11 сәби ажал құшты
10 тамыз 2016, 14:50
37

Бағдадтағы перзентханалардың бірінде өрт шығып, кемі 11 сәби ажал құшқан. 29 әйел мен жеті сәби басқа медициналық мекемеге көшірілген. «Әл-Ярмук» ауруханаларының әйелдерге арналған бөлімшесінің бірінде бүгін таңертең орын алған өрт сөндірілді. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ахмед ар-Радини алдын ала болжам бойынша өрттің электр сымдарынан шыққанын хабарлады.
Дереккөз: caravan.kz
Жаңалықтар