|    |  
19 қараша 2018
05:46
қаз
Петропавлда бақбақ пішіндес әнші субұрқақтар іске қосылды
07 шілде, 12:34 644

Петропавлда қала тұрғындары түрлі түсті әнші субұрқақтардың ашылу салтанатына куә болды. Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың бастамасымен Қазақстан Конституциясы көшесіне кең көлемді жаңғырту жүргізіліп жатыр. Елорда күні құрметіне ашылған жаңа субұрқақ көшенің басты ерекшелігіне айналмақ.
 
«Субұрқақтың ұзындығы - отыз, ені - 5 метр. Оған түрлі түсті екі жүз шамға жарық беретін жоғары қысымды 15 сорғы және екі жүзден астам бүріккіш кран орнатылған. Сорғы іске қосылғанда бақбақтың пішіне айналып шыға келеді. Сорғылардың барлығы Қытайдан жеткізілді. Олармен бірнеше жылдан бері қарым-қатынас орнатқанбыз», – деді астаналық «Каздикор» компаниясының өкілі Нұрбай Баймамбетов.
 
Дереккөз: BNews.kz
 
Теги: Қоғам
Жаңалықтар