17 Декабрь
14:17
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
11 мамыр 09:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пхеньян метросы шетелдік тілшілерге көрсетілді
Әлемдегі ең оқшау елдердің бірі Солтүстік Кореяның астанасындағы метро шетелдік тілшілерге көрсетілді. Бұл осы мемлекетте өтіп жатқан еңбек партиясының съезі аясында ұйымдастырылған. ​Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

опав

Пхеньян метросы cыртынан қарағанда өзге жерасты теміржолынан еш айырмашылығы жоқ болғанымен, іші мұражайға көбірек келеді. Мұнда 16 станса бар. Олардың барлығында да ел көшбасшыларының суреттері бейнеленген. Ескі пойыздар да өте көп. Съезге келген тілшілер солардың ішіндегі ең жаңасымен жүріп өтті. Жерасты көлігі 4 вагоннан тұрады. Әрқайсысына 240 адам міне алады.

“Жаңа пойыздар ыңғайлы орындықтармен жабдықталған. Әрбір вагонда заманауи электрондық табло бар. Онда станса атауы, ауа температурасы секілді стандартты ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ, қалалық троллейбустар мен автобус бағдары жайлы да мәлімет жазылады. Бұл Пхеньянға алғаш келген азаматтар үшін аса ыңғайлы”, – дейді метрополитен қызметкері Ри Ок Генг.

Пхеньян метросы 1973 жылы ашылған екен. Әлемдегі ең терең жерасты жолдарының бірі саналады. Сондықтан оны бомбадан жасырынатын орын ретінде де қолдануға болады.

“Мен біздің метромызды мақтан тұтамын. Пойыздарымызды өзіміздің отандық мамандар жасап шығарған. Бұл Солтүстік Кореяның дамыған елдердің қатарына екендігін көрсетеді”, – деді метро жүргізушісі Ким Ун Ха.

Жалпы, Солтүстік Кореядағы еңбек партиясының съезіне Ресей, Қытай, АҚШ, Жапония, Испания, Франция елдерінің тілшілері шақырылған. Бас-аяғы 180 адам келіпті. Оларға Пхеньян метросынан бөлек, алқалы жиын өтіп жатқан мәдениет сарайына да кіруге де рұқсат берілген.
нравится:    733
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии