Әлем жаңалықтары
9 қазан 17:56
​Пиццаға түкірген курьер сотқа келді
Түркияда пиццаға түкірген курьердің соты басталды. Ол 18 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Оқиға наурыз айында Эскишехир қаласында болған. Пиццаны жеткізуші жігіт тамаққа түкіріп, тапсырыс берушіге апарған.


 
Ал курьердің өзі пиццаға түкірмегенін айтады. «Мен пиццаға тапсырыс берген ер адамның менің тапсырыс қабылдаған әріптесім Эйлинді балағаттағанын білдім. Оның қиын клиент екенін білетінмін. Мен пиццаның қорабын пиццаның бүтін екенін тексеру үшін аштым. Содан кейін суретке түсіріп, Эйлинге жібердім. Мен пиццаға түкірген жоқпын»-дейді.
 
Ал тапсырыс беруші болса ешкімді балағаттамағанын айтады. Ол пиццаның екі тілімін жегеннен кейін консьерж-жиенінен «пиццаны жеме» деген хабарлама келген. Содан кейін олар видеобақылау камерасын қарап, курьердің пиццаның қорабын ашып үңілгенін көрген.
 
Қылмыстық сот тыңдалымды ақпан айына қалдырған. Оған дейін сарапшылар ер адамның пиццаны толықтай жеген жағдайда улану мүмкіндігін анықтауы тиіс.


 
Дереккөз: https://lenta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика