13 Декабрь
21:10
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
12 мамыр 12:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Пикассоның картинасы $179 миллионға сатылды
​Пикассоның картинасы $179 миллионға сатылды


Әйгілі суретші Пабло Пикассоның "Алжирлік әйелдер ("О" нұсқасы)" атты картинасы Christie's аукционында рекордтық 179 миллион долларға сатылды. Бұл жайында Reuters агенттігі аукцион үйіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Картинаның бастапқы бағасы 140 миллион долларды құраған болатын. Алайда, телефон арқылы бәссаудаға қатысқан белгісіз тұлғалар оның бағасын 160 миллионға дейін өсіріп жіберді. Осылайша Christie's аукцион үйінің комиссиясын қоса есептегенде қолөнер туындысының бағасы 179 миллион 365 мың долларға бір-ақ шарықтады.

1955 жылы салынған сурет бұған дейін 1997 жылы сатылымға қойылған болатын. Ол кезде картина 31,9 миллион долларға сатылып кеткен. Ал, ең алғаш рет оны Пикассоның өзінен 1956 жылы ерлі-зайыпты Виктория мен Салли Ганц 212,5 мың долларға сатып алған екен.

Пикассоның араб әйелдеріне арнаған осынау картинасының 15 нұсқасы бар. Әр суретті саларда ол картинасын латын әріптерімен белгілеген, яғни "А" әрпінен "О" әрпіне дейін. Christie's үйінің өкілі Бретта Горвидің айтуынша, ең сәтті шыққан нұсқасы "О" картинасы екен.

Айта кетейік, бұған дейін сатылған ең қымбат картина Фрэнсис Бэконның туындысы болатын. 2013 жылы Christie's аукционында ол 142 миллион долларға иесін тапқан. 

Дереккөзі:Baq.kz 
нравится:    717
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии