20 Октябрь
03:45
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
22 маусым 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пикассоның «Отырған әйел» полотносы Лондондағы бәссаудада 63 млн. долларға сатылды

Пабло Пикассоның (1881-1973) «Отырған әйел» полотносы Лондондағы бәссаудада 43,3 млн. фунтқа (63,4 млн. доллар) сатылды, деп хабарлады ТАСС.
Бұл картина бұрын-соңды бәссаудаға шығарылған кубизм стиліндегі ең қымбат жұмыс болды. Полотноның алдын-ала құны 28 млн. фунтты (41 млн. доллар) құрады.
Картинада атақты суретші Фернандо Оливьенің сүйіктісі бейнеленген. Шығарма шебердің туған жерінде Орта-дель-Эбро кентінде 1909 жылы салынған, бұл кезде Пикассоның шығармашылығы дәуірлеп тұрған болатын.
21 маусымда сондай-ақ Амедео Модильянидің (1884-1920) картинасы 38,5 млн. фунтқа (56,4 млн. долларға) сатылды.  Әңгіме француз суретшісі және моделі Жанна Эбютерн (1898-1920) жөнінде болып отыр, ол итальяндық кескіндемеші әрі мүсіншінің ресми емес әйелі және басты музасы болған.
Қазіргі кезде бәссаудаға қойылған жұмыстардың ішінде Поль Гоген мен Огюст Роденнің еңбектері бар. 

​ҚазАқпарат 
нравится:    511
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии