|    |  
21 қараша 2018
06:52
қаз
Піл британдық туристі таптап тастады
02 ақпан, 15:58 828
Тайландта Самуи аралында экскурсия уақытында піл Ұлыбританиядан келген туристі таптап тастады.



Басылым ақпаратына сүйенсек, оқиға «пілмен трекинг» кезінде орын алған. Шотландияның 36 жастағы азаматы 16 жастағы қызымен пілге мініп серуендеп келе жатқан. Піл жолсерігін тыңдамаған соң, әлгі пілді тәртіпке шақырып, оны қайралған ілмекпен бірнеше рет ұрып жібереді. Піл тынышталып қалады, алайда жолсерік пілден түсіп, оның арқасында себетте отырған туристі фотоға түсірмекші болған кезде оны сойдақ тісімен ұрып құлатады.
Сосын піл үстіндегі британдық пен оның қызын жерге құлатады да, ер адамды таптап, сойдақ тісімен жүрек тұсынан ұрып жібереді. Британдықтың аяғы протез болғандықтан, ол қашып үлгермеген. Туристің қызы зардап шеккен жоқ, деп жазады шетелдік БАҚ. 
Жаңалықтар