Туризм
25 шілде 10:17
​Пілмен суретке түспек болған турист ажал құшты

Эфиопияда пілмен бірге суретке түспек болған испаниялық турист ажал құшты.
 
Куәгерлердің айтуынша турист қауіпсіздік ережелерін сақтамай, әдемі селфи жасау үшін туристер мінген көліктен түсіп, жануарға тым жақын барған. Жазатайым оқиға Эфиопияның оңтүстігіндегі «Чебер Чурчур» ұлттық саябағында орын алған. Піл туристі тұмсығымен итеріп жіберген. Қазір турист мәйіті Испанияға жеткізілген.
 
Дереккөз: life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика