17 Декабрь
23:50
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
30 сәуір 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пісіруді қажет етпейтін жемісті торт
"Жемісті торт" – пісіруді қажет етпейтін дайын тағам.  
Ол өте әмбабап,  тортқа талғам мен дәмдік тартымдылықтарға байланысты жеміс-жидектердің алуын-түрлерін пайдалануға болады. Сіз жасап көріңіз және қонағыңыз таң қалатын болады.

 


Сізге қажет болатын ингредиенттер:

- Қаймақ - 500 гр. (  Қаймақтың орнына кілегейді пайдалануға болады - 35% кілегей)
- Жеміс-жидектер - 300 гр.
- Дайын бисквит - 200 гр. ( бисквиттік жұмсақ торт,  кез келген печенье де болады).
- Қант - 200 гр. 5. Желатин - 30 гр.

Дайындау тәсілі:

1. Желатиннің аздаған бөлігін сеуіп, оған 125 мл (жарты стақан) таза суық су құйып араластыру керек. Оның бөртуі үшін жарты сағатқа солай қалдыру қажет.

2. Бөртірілген желатинді су ваннасына қойып және толық ерігенге дейін араластырып отыру қажет, оның қайнап кетуіне жол бермеңіз.

3. Қаймаққа қант қосып, қант толық ерігенге дейін  миксермен араластыру қажет. Араластыруды тоқтатпай оған дайын боған желатинді құйыңызда, тағы да жарты минуттай араластырыңыз.

4.Тегешке ас тағамына арналған пленканы төсеңіз.

5. Жеміс-жидектерді жақсылап жуып, қабығын, сүйектерін аршып, ұсақтап тұрау керек.

6. Бисквитті де ұсақтап тұрау қажет.

7.  Жемістер мен жидектерді, бисквитпен  қатарластыра отырып тегешке жинау. Үстінен қаймақ кремін құйып, тағамдық пленкамен үстін жауып 2-3 сағатқа тоңазытқышқа қоясыз.
 
Пісіруді қажет етпейтін жемісті торт дайын.

Тоңазытқыштар тегештегі дайын тортты алып, табаққа төңкереміз және пленканы алып тастаймыз. Жемісті тортты өзінің қалауыңыз бойынша жеміс-жидектермен безендіруге болады.





Асыңыз дәмді болсын!
нравится:    2123
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии