23 Август
21:44
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
16 маусым 13:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді
Пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді


Пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді.Бұл туралы бүгін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.
«Пітір садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейін беруге болады. Биыл пітір садақа еліміз бойынша жан басына 200 теңге болып бекітілді», - деді ол.
Сонымен қатар ол Астана қаласындағы барлық мешіттер Рамазан айына қолдан келгенше дайындалып жатқандығын баса атап өтті.
«Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіттері 400-500 адамға арнайы ауызшаралар өткізеді. Сонымен қатар, әрбір мешіт өз деңгейінде қайырымдылық шараларымен айналысуға дайындалып жатыр. Қайырымдылық шаралары көбінесе қарттар үйіне, жетімдер үйіне, болмаса, көп балалы үйлерге бағытталады. Сонымен қатар, қатты сырқат, бірақ еміне қаражат жетпеген жандарға көмектесу жоспарда бар», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚазАқпарат 
нравится:    865
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии