|    |  
21 қараша 2018
00:48
қаз
​Планетадағы ең қарт ер адам көз жұмды
19 қаңтар, 11:15 812

Жапонияда планетадағы ең қарт ер адам 112 жасында дүние салды. Ясутаро Коидэның денсаулығы өмірінің соңына дейін сыр берген жоқ. Кітапты көзілдіріксіз оқыған. Ол Нагоя қаласында ем алып жатқан. Созылмалы жүрек ауруынан көз жұмған. 1903 жылдың 13 наурызында Цуруга қаласында дүниеге келген екен. Нагоя қаласына 107 жасында көшіп барған. Коидэ өткен жылдың тамыз айында өзі сияқты 112 жасында Сакари Момои көз жұмғаннан кейін планетадағы ең қарт адам ретінде ресми танылған.

Дереккөзі:24.kz
Теги: Главная
Жаңалықтар