24 Август
09:00
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Кербез
14 қыркүйек 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пластикалық бөтелкедегі суды сатып алар алдында нені тексеру қажет

Бөтелкедегі суды сатып алар кезде нені тексеру қажет екенін білесіз бе? «Бөтелкенің түбі сау болса болғаны»  деген кеңесті ғана естіген шығарсыз. Денсаулығыңызды қорғау үшін бұл жеткіліксіз.

Пластикалық бөтелкелердің жапсырмасында, бөтелке қандай пластиктан жасалғаны туралы жазба болады. Бұл ақпарат өте маңызды. Себебі кез келген пластиктан бөтелкенің ішіндегі нәрсеге әртүрлі дәрежеде қауіпті химикаттар бөлінеді.

Кез келген бөтелкеде төмендегі белгілердің біреуі болады.

 

PET немесе PETE

Бұл ПЭТ-тер немесе бір рет пайдаланатын бөтелкелер. Олар сұйықтыққа адамның гормоналдың балансына әсер ететін ауыр металл мен заттарды бөлуі мүмкін. ПЭТ — әлемде жиі пайдаланылатын пластмасстың түрі. Есте сақтау керек болған нәрсе ол тек БІР РЕТ пайдалануға арналған. Егер сіз мұндай бөтелкеге өз суыңызды құятын болсаңыз, сіздің ағзаңызға кейбір сілтілі элементтер мен көп мөлшерде бактериялар енуі мүмкін.

 HDP немесе HDPE

Ешқандай зиянды заттар бөлмейтін, өте жақсы пластик болып табылады. Мамандар мүмкін болса осындай бөтелкедегі суларды алуға кеңес береді. Қауіпсіз, әрі қоршаған орта үшін де пайдалы: пластиктің бұл түрін қайта өңдеуге болады. Ол пластиктің қатты түріне жатады, көбінесе сүт, ойыншық, жуғыш заттарды сақтауға және кейбір пластикалық пакеттерді өндіруге қолданылады.

PVC немесе V

Бұл материалдан жасалған заттар кем дегенде екі зиянды химикатты бөледі. Екеуі де адамның гормоналды балансына кері әсерін тигізеді. Бұл жұмсақ, иілгіш пластик, көбінесе сұйық май мен балалардың ойыншықтарын сақтауға пайдаланылады. Одан халық тұтынатын көптеген тауарларға блистерлі орама жасалынады. Сонымен қатар ол компьютер кабельдерін қаптауға пайдаланылады. Одан пластикалық құбырлар мен сантехникаға қажет бөлшектер жасалынады. PVC-ке тікелей күн сәулесі мен ауа райы әсерін тигізбейтіндіктен одан терезе рамалары мен бақ құбыршегі жасалынады.  Сарапшылар баламасын таба алатын жағдайда PVC-тегі сусынды  сатып алмауыңызға кеңес береді.

LDPE

Пластиктің бұл түрі бөтелке және пластикалық пакет өндірісінде пайдаланылады. Ол өзі сақтап тұрған суға ешқандай химиялық заттар бөлмейді. Пластиктің бұл түрі тек су сақтауға  ғана зиянсыз. Азық-түлік дүкенінен одан жасалынған пакеттерді сатып алмағаныңыз жөн болады. Сатып алған азық-түлігіңізбен қоса жүрегіңізге зиянды химикаттарды да жеп қоюыңыз мүмкін.

PP

Пластиктің бұл түрінің түсі ақ немесе мөлдір түсте болады. Сироптар мен йогурттар қаптамасы ретінде пайдаланылады. Полипропилен өзінің қызуға тұрақтылығымен бағаланады. Оны қыздырған кезде ол балқымайды. Салыстырмалы түрде зияны жоқ.

PS

Көбінесе кофе стақаны мен жылдам тамақтанудағы контейнерлерді жасауға пайдаланылады. Қыздырған кезде зиянды химиялық қоспалар бөлінеді. Полистирол — арзан, жеңіл әрі мықты пластик болып есептелінеді. Бірақ ыстық тамақ пен ыстық сусындар сақтауға жарамайды.

PC немесе арнайы белгілері жоқ пластмасса

Бұл пластиктің ең зиянды түрі. Суларға арналға бөтелкелер мен тамақ контейнерлерін өндіруде пайдаланылады. Поликарбонаттан жасалынған ыдыстарда тамақ пен суды  сақтауға болмайды. Ол бисфенол А деген зат бөледі. Ол зат адамның эндокриндік жүйесін бұзады. Эстроген гормонының бөлінуін әлсіретеді.

Пластикалық қаптамада бір нәрсе сатып аларда жақсылап ойланыңыз. Бәлкім, шыны әйнек әлдеқайда қауіпсіз болар.

Источник: bilim-all.kz
нравится:    2351
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии